Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» № 57 бұйрығы негізінде «Түлкібас ауд

Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» № 57 бұйрығы негізінде «Түлкібас ауд

        Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын  конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы»  № 57 бұйрығы негізінде  «Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің Т.Рысқұлов аулында орналасқан «Майлыкент» жалпы  орта мектебі», «Жанкент» жалпы орта мектебі» және «Сырттай оқыту мектебі»  коммуналдық мемлекеттік  мекемелерінің директорлары бос лауазымдарын иеленуге

                                                                    КОНКУРС   ЖАРИЯЛАЙДЫ:

       Конкурс өткізу мерзімі: Конкурстық комиссия осы хабарландыру баспасөз бетінде  жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күні өткен соң  белгілейді.

      Конкурс өткізу орны: Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үй, аудандық білім бөлімі

      Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:

     1)жоғары педагогикалық білім.   

     2) педагогикалық жұмыс  өтілі  кемінде бес жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде бір жыл; шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс  өтілі  кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

     3) бірінші немесе жоғары біліктілік санаты немесе «педагог-сарапшы», «педагог - зерттеуші», «шебер мұғалім»  санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

  4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы

23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;

  5) соттылығы жоқ жоқ екені туралы анықтама;

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», Қазақстан Республикасының бала құқыктары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;  педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, қаржы – шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды;

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның Жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқару, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастыру, оқу жоспары мен  бағдарламаларының жұмыс жоспарын бекіту, жұртшылықпен және  ата – аналармен байланысты жүзеге асыру. Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне сай 113394 теңгеден  137485 теңгеге дейін.

       Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен  қоса өтініш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  3.  білім туралы құжат көшірмесі;
  4. еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5.  кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  6. Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан  өндірістік мінездеме;
  7. біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
  8. медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат(Ф-086У);
  9. сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.
  10. Мектепті дамытудың перспективалық жоспары

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырады және мөрмен куәландырылады.Конкурсқа қатысушы бұдан басқа өзінің кәсіби  жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық  тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 189 үй, 1-қабат, Халыққа қызмет көрсету орталығы. Құжаттарды қабылдау осы хабарландыру баспасөз бетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен басталып 7 жұмыс күні мерзімі ішінде жүргізіледі.

Анықтама телефоны:  52-121, 52 – 947. Электрондық адресі: roo.tulkubas@mail.ru

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg