Келтемашат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №8 «Келтемашат ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Келтемашат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №8 «Келтемашат ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

Келтемашат ауылдық округі әкімінің

2019 жылғы 14 наурыздағы №8

«Келтемашат ауылдық округіндегі

елді мекендердегі атаусыз көшелерге   

атау беру туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Келтемашат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Келтемашат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №8 «Келтемашат ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атау беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4939 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         Көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінің 2-тармағындағы «Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округі әкімінің аппараты» деген сөздер «Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;     

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Әкім                                                                               С.Камбарбеков

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg