Түркістан облысындағы Индустриялық аймақтарға жоба таңдау ережелері

Түркістан облысындағы Индустриялық аймақтарға жоба таңдау ережелері

№ исх: 29-04-16/1944   от: 14.10.2019

Түркістан облысындағы Индустриялық аймақтарға жоба таңдау ережелері


1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Түркістан облысындағы индустриялық аймақтарда қызметті жүзеге асыруға арналған өтініш берушілердің жобаларды іріктеу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  1. индустриялық аймақ (бұдан әрі – ИА) – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;
  2. жоба индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушының, өтініш берушісінің немесе қатысушысының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістер мен көрсетілетін қызметтер құруды көздейтін іс-шаралар кешені;
  3. индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
  4. индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;
  5. инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, көрсетілетін байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер;
  6. қосалқы қызмет түрлері – арнайы экономикалық аймақтың аумағында оның қатысушылары болып табылмайтын тұлғалар жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметіне қызмет көрсету үшін қажетті қызмет түрлері;
  7. қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар – осы Заңға сәйкес қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;
  8. қызметті жүзеге асыру туралы шарт – индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;
  9. басым қызмет түрлері – индустриялық аймақтың құру мақсаттарына және өңірдің мүмкіндіктері мен басым бағдарларына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қызмет түрлері;
  10.  өтініш беруші – индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті беретін тұлға;
  11.  уәкілетті орган – индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
  12.  "бір терезе" қағидаты – өтініш берушілердің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, индустриялық аймақтардың аумақтарында мемлекеттік және өзге көрсетілетін қызметтерді ұсыну нысаны;
  13.  өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе оның орынбасары басқаратын, осы Заңға сәйкес функцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган.

2. Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде жүзеге асыруға өтінім берушілердің жобаларын іріктеу ережесі

 

  1. Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу үшін өтініш беруші индустриялық аймақтың басқару органына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінімді, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған сауалнаманы ұсынады.

Бұдан басқа, өтініш беруші 4-қосымшасына сәйкес "60/40" жер телімін оңтайлы пайдалану қағидаты бойынша объектілерді орналастыруды көздейтін осы Қағидалардың Жоба объектілерін орналастыру жоспарын ұсынуға міндетті (60% негізгі өнеркәсіптік объектілер және 40%ілеспе объектілер).

   

  1. Индустриялық аймақтарды дамыту мемлекеттік саясатына сәйкес Өтініш беруші құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылуы және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелуі тиіс.
  2. Өтініш берушінің индустриялық қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінімі берген күні өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі (мүмкін online).
  3. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінімді 30 күнтізбелік күн мерзімінде қарайды.
  4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы 3 жұмыс күні мерзімінде Өтініш берушіге дәлелді жауап жібереді.

Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу кезінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Түркістан облысының тиісті индустриялық аймағының жобаларын іріктеу критерийлерінің 1-тармағында көзделген негізгі өлшемдерге және 2-тармағында көзделген қосымша өлшемдердің ең болмағанда біріне сәйкес келетін Өтініш берушілер қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасуға басымдыққа ие болады.

Екі немесе одан да көп Өтінім беруші негізгі және қосымша өлшемдерге сәйкес келген жағдайда, қосымша өлшемдердің көп санына сәйкес келетін Өтінім берушілер қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасуға басымдыққа ие болады.

5. Негізгі өлшемдерге сәйкестік қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудың қажетті шарты болып табылады.

6. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемдеріне және (немесе) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, күнтізбелік 15 күн мерзімінде Өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.

      7. Өтініш берушіге алдын ала оң жауап берілген жағдайда индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш берушінің жобасы бойынша құжаттарды «бизнес Түркістан» өңірлік үйлестіру кеңесінің мақұлдауына ұсынады.

8. Мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемдеріне сәйкес келген жағдайда индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы 10 жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.


  1 Қосымша

       Нысан           

      кімге:__________________________________________________________

                                        (ИА Басқарушы копманиясы атауы)

Индустриялық аймақтың

қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыруға

Өтінім

              ________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

_____________________________________________________________________

(индустриялық аймақтың атауы)

индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға қарауыңызды сұраймын

Іске асыру жоспарланған инвестициялық жоба туралы ақпарат

индустриялық аймақ аумағында:

Қызмет түрі:__________________________________________________________;

шығарылатын өнімнің және / немесе көрсетілетін қызметтердің атауы:_________

_____________________________________________________________________;

жобаның жалпы құны, теңге:____________________________________________;

меншікті капиталдың мөлшері, теңге: ____________________________________;

қарыз қаражатының мөлшері, теңге: _____________________________________;

тұрақты жұмыс орындарының саны, адам: ________________________________;

қосымша ақпарат: _____________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_______________________.

      Бірінші басшының аты, жөні және тегі:_________________________________

_____________________________________________________________________

     

Қолы: ________________________

                                                                                                         М.О.

      "___"__________ 20__ жыл

  2 Қосымша

       Нысан           

 

Индустриялық аймақтың

қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыруға сауалнама

      1. Жалпы мәліметтер:

Заңды тұлғаның толық атауы  
Құрылтайшылар туралы мәліметтер (атауы, тегі, аты, әкесінің аты, қатысу үлесін)  
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні  
Бизнес сәйкестендіру нөмірі  

 

      2. Мекен жай:

Өнір (ел, облыс, аудан)  
Мекен  
Көшесі  
Үй нөмірі  
Индекс  
e-mail  
Телефон  
Факс  

      3. Банк реквизиттері:

Қызмет көрсетуші банк  
есеп шот №  
Бірінші басшы (Тегі, Аты, Әкесінің аты)  
Байланыстағы тұлға (Тегі, Аты, Әкесінің аты, лауазымы) телефон  

     

4. Индустриялық аймақтағы инвестициялық жоба туралы ақпарат:

Сала  
Кіші салалар  
Өнім түрлері  
Қызмет түрлері  
Жылдық айналым, теңге  

Өндірістік қуаты (жылына өнім)

 

Тұрақты жұмыс орындарының саны, адам

 
Қосымша ақпарат  


    


 5. «Бизнес Туркестан» Өңірлік үйлестіру кеңесіне қолдау үшін ұсынылатын ақпарат:

1 Жер учаскесін алу арызы Түпнұсқа 2 дана
2 Жоба паспорты Түпнұсқа 2 дана
3 Инфрақұрылым қажеттілігі Түпнұсқа 2 дана
4 Құрылыс графигі Түпнұсқа 2 дана
5 Компания жарғысы Көшірме 2 дана
6 Түркістан облысында тіркелу құжаты Көшірме 2 дана
7 Қауымдастық туралы меморандум Көшірме 2 дана
8

Бірінші басқарушының жеке куәлігінің көшірмесі

Көшірме 2 дана
9 Қарыз жоқтығын растайтын құжаттама Көшірме 2 дана
10 Бизнес жоспар Көшірме 2 дана
11 Эскиз жоспары (размер А-3) Түпнұсқа 2 дана
12 Бас жоспар (размер А-0) Түпнұсқа 2 дана
13 Меморандумы, договора с потенциальными партнерами Көшірме 2 дана
14 Кәсіпорын тұралы анықтама Түпнұсқа 2 дана

* Барлық құжаттар көрсетілген тәртіпте іс папкасына салынуы керек!

Бірінші басшының аты, жөні, тегі:_____________________

___________________________________________________________________

     

Қолы: ________________________

                                                                                                         М.О.

«__» _______________20__жыл


 

3 Қосымша

Жобаларды іріктеу өлшемдері

 

1. Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға Өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі өлшемдер негізінде жүзеге асырылады:

1) қызмет көрсететін банктің Өтініш берушінің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) үзінді көшірмесімен және кредиттік тарихтағы толық немесе ішінара ақпарат туралы мәліметтерді қамтитын кредиттік бюродан алынған кредиттік есеппен расталған банк кредиттері бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

2) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан анықтамамен расталған салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешектің болмауы.

2. Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай қосымша өлшемдер негізінде жүзеге асырылады:

1) осындай жобаларды іске асыру өңірлері болып табылмайтын өңірлерде жобаны жылжыту;

2) жобаның импортты алмастыратын немесе экспортқа бағдарланған бағыты;

3) индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру.

Индустриялық аймақ Индустриялық аймақтың салалық бағыты Қызмет түрлері (сонымен қатар)
 «Түркістан» ИА Түркістан қаласы

1 га үшін құны 500 млн.теңгеден кем емес машина жасау жобалары,

химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру,

жиһаз өндіру.

.

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі;

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;

Металлургия өнеркәсібі;

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндіру;

Электр жабдықтарын өндіру;

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;

Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндіру;

Жиһаз өндіру.

«Кентау» ИА

қ. Кентау

1 га үшін құны 400 млн.теңгеден кем емес машина жасау жобалары, өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдер, сондай-ақ жобаларды қамтитын электр энергиясын өндіруге арналған жабдықтар.

Басымдықтар:

- жаңа технологиялар,

- «өндірістің толық циклі»,

- жұмыс істеп тұрған өндірістер желісін еңейту.

Электр моторлар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі;

Электрондық бөлшектер өндірісі;

Электр құралдарын өндіру;

Электрондық жүктеу панельдерін өндіру;

Электр құралдарын өндіру;

Электрондық өнеркәсіпке арналған арнайы технологиялық жабдықтар өндірісі;

Электр шамдарын өндіру;

Электр сымының және кабельдің өзге де түрлерін өндіру;

Өзге де электромеханизмдер мен аспаптар өндірісі;

Электр өлшеу аспаптарын өндіру;

Электр оқшаулау бұйымдарын өндіру;

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндіру.

«Бадам» ҚТИА Ордабасы ауданы 1 га үшін құны 400 млн.теңгеден кем емес машина жасау, жаңа бағыттағы құрылыс материалдарын өндіру, мұнай өңдеу өнімдері, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, сондай-ақ өзге де инновациялық жобалар.

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;

Машина жасау;

Электрлік емес тұрмыстық аспаптар өндірісі;

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату;

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру.

«Бәйдібек» ИА Бәйдібек ауданы 1 га үшін құны 200 млн.теңгеден кем емес жобаларды қамтитын тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі.

Етті қайта өңдеу және консервілеу;

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу;

Ет және үй құсының етінен өнімдер өндіру;

Картопты өңдеу және консервілеу;

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру;

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу мен сақтаудың өзге де түрлері;

Майлар мен майлар өндірісі;

Маргарин және ұқсас мал майлары өндірісі;

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі;

Қант өндіру;

Какао, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдар өндірісі;

Шай және кофе өңдеу;

Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі;

Балалар тағамы мен диеталық тамақ өнімдерін өндіру;

«Мақтаарал» ИА Мактаарал ауданы және Жетісай ауданы
«Казығүрт» ИА Казығұрт ауданы
«Созақ» ИА Созақ ауданы 1 га үшін құны 200 млн.теңгеден кем емес жобаларды қамтитын пайдалы қазбаларды өңдеу, химия өнеркәсібі( оның ішінде Минералдық тыңайтқыштар), фармацевтика өнеркәсібі (оның ішінде дәрілік өсімдік шикізатын жинау және буып-түю және/немесе қайта өңдеу), тау-кен өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;

Өнеркәсіптік газдар өндірісі;

Бояғыштар мен пигменттер өндірісі;

Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі;

Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі;

Тыңайтқыштар мен құрамында азот бар қоспалар өндіру;

Бастапқы нысандағы пластмасса өндірісі;

Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі;

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндірісі;

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, баспаханалық бояулар мен мастика өндірісі;

Сабын және жуу, тазалау және жылтырату құралдарын өндіру;

Жарылғыш заттар өндірісі;

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдер өндірісі.

«Түлкібас» ИА Түлкібас ауданы 1 га үшін құны 200 млн.теңгеден кем емес жобаларды қамтитын тамақ өнеркәсібі.

Азық-түлік өнімдерін өндіру;

Сүтті қайта өңдеу және консервілеу және ірімшік өндіру;

Сусындар, оның ішінде алкогольсіз сусындар өндіру;

Етті қайта өңдеу және консервілеу

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу;

Ет және үй құсының етінен өнімдер өндіру;

Картопты өңдеу және консервілеу;

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру;

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу мен сақтаудың өзге де түрлері;

Майлар мен майлар өндірісі;

Маргарин және ұқсас мал майлары өндірісі;

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі;

Қант өндіру;

Какао, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдар өндірісі;

Шай және кофе өңдеу;

Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі;

Балалар тағамы мен диеталық тамақ өнімдерін өндіру.

«Шардара» ИА Шардара ауданы

1 га үшін құны 200 млн.теңгеден кем емес жобаларды қамтитын қағаз-целлюлоза, тамақ және жеңіл (оның ішінде мақтаны өңдеу) өнеркәсібі.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;

Ет өнеркәсібі;

Балық өнеркәсібі;

Жеміс және көкөніс өңдеу өнеркәсібі;

Май өнеркәсібі;

Сүт өнеркәсібі;

Ұн тарту өнеркәсібі;

Крахмал өнеркәсібі;

Нан өнімдері өнеркәсібі;

Қант өнеркәсібі;

Кондитерлік өнеркәсіп;

Макарон өнеркәсібі;

Пайдалануға дайын тағамдарды өндіру;

Жануарларға арналған жем өндіру;

Балықты, шаян тәрізділерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу;

Жеңіл өнеркәсіп.

 

 

Қосымша/ілеспе қызмет түрлері бойынша жобаларға:

«Түркістан», «Бадам» және «Кентау» индустриалды аймақтары үшін  1 га. - 200 млн. тг.;

Өзге индустриалды аймақтар үшін 1 га. 100 млн. тг.

 

Тоқыма бұйымдарын өндіру;

Киім өндіру;

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру;

сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдарды өндіру;

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі;

Сүтті қабылдау, тазалау және салқындату модульдерін өндіру/құрастыру;

Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау және буып-түю модульдерін өндіру/құрастыру;

Кәдесый өнімдерін өндіру;

Тауарларға арналған пластикалық қаптамалар өндірісі;

Өзге пластикалық бұйымдар өндірісі;

Резеңке, пластмасса және басқа да Полимерлік материалдарды өңдеу;

Пластмасса табақтар, шиналар мен профильдерге арналған камералар өндірісі;

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

Ағаш өңдеу өнімдерін өндіру;

Құрылыс пластик бұйымдарын өндіру;

Жануарларға арналған құрама жем өндіру.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 


4 Қосымша

Үлгі ЖШС өндірістік алаңының жоспары  «____________» (_____ га)

технологиялық жабдықтарды салқындатқыш су бассейні
Одан әрі дамыту
үшін
Трансформатор подстанциясы
жөндеу.мех. цехы
 
132400
200000

 

 

 

 

 

 


Өнім қоймасы
Шикізатқа арналған қойма
_____________үшін қойма
Дайын өнімді жинауға және сақтауға арналған ашық алаң
Мамандандырылған цех
   
   

 

 

 

 

 

 

 


 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg