Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табыл

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табыл

 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан

кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері

болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының          2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі №211 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға  дейін айырылған немесе ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектеріболып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5055 тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік

құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Кузембаевқа жүктелсін.

7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Аудан әкімі                                                     Н.Тұрашбеков

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы қаңтардағы
№___ қаулысына
1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Түлкібас ауданы ұйымдарының тізімі

 

Ұйым атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскер-

лердің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің  есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1 «КАС-бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 233 1 2
2 «ТүлкібасЖолдары»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 70 1 1
3 «Ауыл құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 4 4
  Барлығы: 403   7

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы қаңтардағы
№___ қаулысына
2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Түлкібас ауданы ұйымдарының тізімі

 

Ұйым атауы Жұмыскерлердіңтізімдік саны Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік санынан) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарыныңсаны
1. «Ауыл құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 2 2
2. «Түлкібас Жолдары»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 70 1 1
3. «КАС-бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 233 1 1
  Барлығы: 403   4

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы     қаңтардағы
№___ қаулысына
3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Түлкібас ауданы ұйымдарының тізімі

 

 

Ұйымның атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квотаның мөлшері
(% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1. «Ақсу-Жабағылы оңалту сауықтыру кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150 1 1
2 «КАС-бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 233 1 2
  Барлығы: 383   3

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg