«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табыла

«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табыла

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің             18 - бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының                31-бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшасына, «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға  дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігі қаулысы әзірленген.
Түлкібас ауданы бойынша   жалпы халық саны 112390 адамды құрайды; оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 56112 адам, жұмыссыздар - 2900 адам, жалдамалы жұмысшылар - 53212 адам, өздігімен жұмыспен қамтылғандар - 28671 адам.  
Түлкібас ауданының ішкі істер бөлімінің мәліметі бойынша 2020 жылы  62 пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және 71 бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тізімдері алынған.
2019 жылдың басынан 3397 жұмыссыз адам жұмыс іздеп хабарласты, 5401  азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 3026 жұмыссыздың тұрақты және уақытша жұмысқа орналасуына ықпал жасалынды, бірақ оның ішінде бір де бір ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар жұмыспен қамтылмаған. 2019 жылдың 12 айында бас бостандығынан айыру мекемелерінен және пробация қызмет бөлімінің есебінде тұрған жұмыссыз 86 азаматқа әлеуметтік қолдаулар көрсетілді, оның ішінде: 6 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 12 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 17 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жолданды; 5 азамат несие алу үшін «Кәсіпкерлік мектебіне» кәсіптік оқыту курсын аяқтап, сертификаттарын алды. 1 азамат жеке кәсіпкер ретінде куәлік алып, 2 азамат шағын несие алды, 2 азамат мамандығымен жастар практикасына. 16 азамат бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналасты. 16 азаматқа аудандық мәслихаттың 2016 жылы 30 маусымдағы №3/18-06 шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың» қағидасына сәйкес, бір реттік материалдық әлеуметтік көмек берілді.
Аудандағы еңбек рыногының негізгі индикаторлардың көрсеткіштеріне сәйкес жұмыс күшіне сұраныстар аз болғандықтан ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота  белгіленуін ұсынамыз.                                                                         

Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлім басшысы                                                                              Е.Каратаев

 

«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға  дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Түлкібас ауданының әкімдігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының             2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының                               2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының                        2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшасына  сай

3.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдауда негативті әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау барысында мемлекеттік бюджеттен шығын талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азамат, қылмыстық-атқару инспекция пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші қәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында орын белгілейді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған аудан әкімдігінің қаулылары

Түлкібас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі №211 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға  дейін айырылған немесе ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектеріболып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5055 тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысы

7.

Заңнанамы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етпейді

8.

Қосымша сараптаманың қорытындысы (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа)

Талап етпейді

9.

Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын азаюна және көбейюіне әсер етпейді.

10.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

11.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурстарында жарияланған туралы мәлімет

Қаулының жобасы Түлкібас ауданы әкімдігінің www.tulkubas.gov.kz. интернет ресурсында жарияланған.

Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлім басшысы                                                                                       Е.Каратаев                                
 

 

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg