«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының             6) тармақшасына сәйкес, «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігі қаулысы әзірленуде.
Түлкібас ауданы бойынша   жалпы халық саны 112390 адамды құрайды; оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 56112 адам, жұмыссыздар - 2900 адам, жалдамалы жұмысшылар - 53212 адам, өздігімен жұмыспен қамтылғандар - 28671 адам.
2019 жылы ашылған жаңа жұмыс орындар 1593 оның ішінде: 1469 тұрақты және 124 уақытша жаңа жұмыс орындары   
Оның ішінде экономика салалары бойынша:

  • білім саласында – 124 жұмыс орын;
  • құрылыс саласында – 105 жұмыс орын;
  • басқалар – 1364 жұмыс орын.

         2019 жылдың басынан 3397 жұмыссыз адам жұмыс іздеп хабарласты, 5401  азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 3026 жұмыссыздың тұрақты және уақытша жұмысқа орналасуына ықпал жасалынды.
Жыл басынан жұмыс іздеп 171 мүгедек хабарласты, олардың тұрақты және уақытша  жұмысқа орналасуына ықпал жасалынды, тұрақты жұмыс орындарына – 86 азамат, 21-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 9-ы, жастар практикасына 5-і, қысқа мерзімді кәсіптік негіздеріне оқуға 14-і, 36-на шағын несие берілді.
Бүгінгі күнге ресми жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды.
Аудандағы еңбек рыногының негізгі индикаторлардың көрсеткіштеріне сәйкес жұмыс күшіне сұраныстар аз болғандықтан мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленуін ұсынамыз.                                                                         

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлім басшысы                                                                              Е.Каратаев

 

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Түлкібас ауданының әкімдігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының           9-бабының 6) тармақшасына сай

3.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдауда негативті әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау барысында мемлекеттік бюджеттен шығын талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында орын белгілейді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған аудан әкімдігінің қаулылары

Түлкібас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №210 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5056 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған)

7.

Заңнанамы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етпейді

8.

Қосымша сараптаманың қорытындысы (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа)

Талап етпейді

9.

Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын азаюына және көбейюіне әсер етпейді.

10.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

11.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурстарында жарияланған туралы мәлімет

Қаулының жобасы Түлкібас ауданы әкімдігінің www.tulkubas.gov.kz.интернет ресурсында жарияланған.

Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлім басшысы                                                                                    Е.Каратаев 

 

 

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg