«Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №93 және Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/5-06 «Түлкібас ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

«Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №93 және Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/5-06 «Түлкібас ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Түсіндірме жазбада қамтылатын мәліметтердің тізімі Әзірлеуші мемлекеттік органның мәліметі
1. Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші Түркістан облысы Түлкібас аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі ММ-сі
2. Актіні қабылдау қажеттілігінің негізі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының  1,5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес;
3. Акті қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық болжамды нәтижелері Қабылданған акт негативтік әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық нәтижелерге апарып соқпайды.
4. Жобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындарының болжамы

 Жоба қабылданған жағдайда Шақпақ ауылдық окргуі бойынша - 209441 мың теңге;

Мичурин ауылдық округі бойынша – 349497 мың теңге ауылдық округ әкімдіктері бюджетінен қаржыландырылады.

5. Жобаны қабылдау болжамды тиімділігі, күтілген нәтижелерінің уақыты және нақты мақсаттары Жобаны қабылдау барысында тұрғын үй құрылысына жер учаскелері берілетін болады және тұрғын үй құрылысына мұқтаж азаматтардың өтініштері қанағаттандырылады.
6. Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актілері және оның іске асыру нәтижелері Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №93 және Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/5-06 «Түлкібас ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулысымен шешімі қабылданған.
7. Жобаға сәйкес заңдылықты жетілдіру қажеттілігі Қажет емес
8. Мекеме басшысының тапсырмасы бойынша басқа мекемелерде қосымша сараптама жүргізу нәтижелері (құқықтық, экономикалық, қаржылық және т.б.) Қажет емес
9 Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюына немесе  ұлғаюына әсер етпейді.

Белгіленген орындар жеке кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының меншігіндегі жерлер болмағандықтан оларға кері әсерін тигізбейді.

10. Басқа мәліметтер қаулы жобасы «Shamshyraq» Түлкібас аудандық қоғамдық-саяси газетінде 31.01.2020 жылғы               №4 (10362) жарияланды.

 

 

Түлкібас ауданының жер

қатынастар бөлімінің басшысы                               У.Ботпаев

 

ЖОБА

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №93 және Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/5-06 «Түлкібас ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы»                бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің                  108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жер қатынастары бөлімі және құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №93 және Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі №13/5-06 «Түлкібас ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4102 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 26 мамырдағы «Шамшырақ» газетінде және 2017 жылы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

        2. 1 тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      «26) 9,53 гектар жер учаскесі елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Мичурин ауыл округі Таусағыз елді мекенінің жалпы ауданы 79,53 гектар;

3. 1 тармақтың 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

46) 2,43 гектар жер учаскесі елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Шақпақ ауыл округі Шақпақ баба елді мекенінің жалпы ауданы 517,05 гектар;». 

        4. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

    5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Б.Ахметовке жүктелсін.

      6. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                                 Н.Тұрашбеков

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                             Н.Ештаев

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                      С.Сейсенбаев

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg