Ақбиік ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ № 1

Ақбиік ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ № 1

Ақбиік ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының  ХАТТАМАСЫ  № 1

Құлан ауылы                                                                        17.02.2020 жыл

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны  8

Жиналысқа өзге адамдар қатысқан жоқ.

Қатысушылардың тізімі: Ақбиік ауылдық округінің әкімі Орынбаев Мухит Мамырбекович, әкім кеңесшісі  Султанкулова Сауле Асановна, бас маман есепші уақытша міндетін атқарушы Нуртазин Жандос Жумабекович, жергілікті қоғамдық кеңесінің төрағасы Есенбеков Абилкарим, жергілікті қоғамдастық мүшелері:

 Усербаев Дауренбек

     Суюндиков Болат Мусиралиевич

     Курбанов Рашид Ниязович

 Жалбиев Сапарқұл

Жиналыс  төрағасы                              Есенбеков Абилкарим

 Хатшы                                                  Нуртазин Жандос Жумабекович

 

Күн тәртібінде:

Түлкібас ауданы әкімдігінің Ақбиік ауылдық округінің                            2019 жылдың бюджетінің жылдық есебін талқылау

 

Бірінші мәселе бойынша Ақбиік ауылдық округі әкімі

Орынбаев Мухит Мамырбекович:

Құрметті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары 2019 жылға арналған Ақбиік ауылдық округы  әкімнің  жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының жылдық түсімдеріне                    3 рет өзгерістер ұсынылып, қаржы толығымен игерілді.   

2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының                1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстарын айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің                   «2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 131-1 және 132 баптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі., Ақбиік ауылдық округы  бюджетінің кіріс көзі 2019 жылғы 33 557,0  мың теңгені құрады. Атап көрсеткенде:

2019 жылға округке салықтық түсімдер – 9325,3 мың теңге,

2019 жылға ауылдық округ бюджетіне салықтың мына түрлері бойынша      түсімдер жоспарланып  толығымен игерілді:

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы (101-102)  823,3 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық (104-102) 79,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы (104-302)  533,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық (104-402) 7881,2 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (104-401) 8,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ  ТҮСІМІ

«2019-2021 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Түлкібас аудандық мәслихаты шешіміне сәйкес 2019 жылға аудандық бюджеттен бөлінетін субвенция 23 992,0  мың теңге көлемінде бекітілді. 

Бюджеттің жалпы көлемі түсімдер және шығыстар бойынша                  33 557,0 мың теңгені құрады.

ШЫҒЫСТАР

2019 жылы ауылдық округ бюджеті, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған функцияларға  бөлінетін қаржының көлемі 33 557,0 мың теңге.

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» функционалдық тобының шығыстары  23 992,0 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 23 992,0 мың теңге;

022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 250,0 мың теңге.

«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 1 580,0 мың теңге;

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 1 080,0  мың теңге;

«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 6 655,0  мың теңге жоспарланып игеріліп  отыр.

 2019  жылдың басында бос қалдықтар 7894,69 мың теңгені құрады. Бюджеттің негізгі параметрлері осындай.

Усербаев Дауренбек жергілікті қоғамдастық мүшесі 2019 жылғы жасалынған жұмыстар аз емес. Ауылдарымыздың көрікті болуына жұмыс жасап жатырмыз.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны.

       Жиналыс төрағасы Есенбеков Абилкарим жоғарыда баяндағаны негізінде қоғамдастық мүшелері өз ойларын төмендегіше айтты:

Қабылданған шешім:

Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері Усербаев Дауренбек, Суюндиков Болат Мусиралиевич, Курбанов Рашид Ниязович, Жалбиев Сапарқұл, өзара ақылдасып, ұсынылған жобалардың бүгінгі күнде өте қажетті екендігіне байланысты бір ауыздан мақұлдауды шешті.

Жиналыс  төрағасы:                         Есенбеков Абилкарим

Хатшы:                                                Нуртазин Жандос Жумабекович

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақбиік ауылдық округі бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ Қолы
Орынбаев Мухит Мамырбекович  
Есенбеков Абилкарим  
Усербаев Дауренбек  
Суюндиков Болат Мусиралиевич  
Курбанов Рашид Ниязович  
Нуртазин Жандос Жумабекович  
Жалбиев Сапарқұл  

 

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg