Арыс ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ №1

Арыс ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ №1

Арыс ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

ХАТТАМАСЫ №1

 

Керейт ауылы                                                                                  17/02/2020 жыл

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны: 12

Жиналысқа өзге де адамдар қатысқан жоқ.

Қатысушылар тізімі: Арыс ауылдық округі әкімі Наренбаев Қанат Жұмабекұлы, бас маман Кемелов Ержан Танибергенұлы, бас маман Оразбек Жансерік Ерубайұлы, әкім кеңесшісі  Турманова Перуза Сейдуллаевна, қоғамдастық мүшелері:

Даулеталиев Оразбек              

Қалтаев  Сейдуалы                      

Абдрахманов Кеңесбек

Айткулова Гүлжан Жорабековна

Оспанов Ерік Серікұлы

Абдраймов Әліппек

жиналыс төрағасы: Құдайбергенов Жақсылық

жиналыс хатшысы: Серікбаева Сымбат Ертасқызы

КҮН ТӘРТІБІ

 

Түлкібас ауданы Арыс ауылдық округ бюджетінің 2019 жылға атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау.

Бірінші мәселе бойынша Арыс ауылдық округі әкімі

Наренбаев Қанат Жұмабекұлы:

Құрметті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары:Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың  штат санының лимиті аудан әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №696 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдерінің және ауылдық округ, поселке әкімдері аппаратының штаттық құрылымын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Арыс ауылдық округынде 7 мемлекеттік қызметкер 5 келісім шарт негізінде  жұмыс атқарады.          

Арыс ауылдық округ әкімінің аппараттары бойынша Кіріс және шығыс  бөлігі бойынша 29150 мың теңге бекітіліп, үш рет түзетіліп 35570 мың теңге нақтыланып игерілген. Оның ішінде 17720,0 мың теңге  айлық жалақыға мен  әлеуметтік салықтарға, басқа да шығыстарға 17850,0 мың. теңге жұмсалған.

Салықтық кірістер:

-аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы 4209,0 мың теңге;

-мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 39,0 мың теңге;

- жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы 510,0 мың теңге;

- аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдары салығы 172,0 мың теңге;

- аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке тұлғалардан алынатын, көлік құралдары салығы 3800,0 мың теңге;

Салықтық емес кірістер жоқ.

Берілген субвенция көлемі  25397,0мың теңге.

Шығыс бөлігі бойынша:

- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 25912,0 мың теңге;

Оның ішінде: 17720,0 мың теңге  айлық жалақыға мен  әлеуметтік салықтарға, басқа да шығыстарға 8192,0 мың. теңге

- Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 692,0 мың теңге; Оның ішінде : триммер – 37,0 мың теңге, Елтаңба 2 дана -150,0 мың теңге, проектор - 200,0 мың теңге, мемлекеттік Ту- 60,0 мың теңге, кондициоер 2 дана – 200,0 мың теңге, кресло 1 дана – 45,0 мың теңге.

- Елді мекеңдердегі көшелерді жарықтаңдыру   1010,0 мың теңге;

Оның ішінде : электро энергияға  620.0 мың теңге, электр жарықтарын күтіп ұстау жұмыстарына – 390.0 мың теңге.

- Елді мекеңдердің санитариясын қамтамасыз ету    1380,0 мың теңге;

Оның ішінде: Қар күреу жұмыстарына  - 550.0 мың теңге, көшелердегі қоқыстарды, арықтарды тазалау жұмыстарына – 830.0 мың теңге.

- Елді мекеңдерді абаттаңдыру мен көгалдандыру   6576,0 мың теңге: 

Оның ішінде1792,0 - мың теңге көшелердегі жарық шамдарын безендіруге, 325,0 мың тенге - скамейкалар мен паннолар жасатуға, 500,0 мың тенге – әктеу сырлау жұмыстарына, 338,0 мың тенге – аллеяны қоршауға, 400,0 мың тенге – көше бойындағы ағаштарды ретке келтіру жұмыстарына, 3221,0 мың тенге – көгалдандыру жұмыстарына жұмсалып, толығымен игерілді.

Қабылданған шешім:

Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері Даулеталиев Оразбек, Қалтаев  Сейдуалы, Абдрахманов Кеңесбек, Турманова Перуза Сейдуллаевна, Айткулова Гүлжан Жорабековна,  Оспанов Ерік Серікұлы,  Абдраймов Әліппек өзара ақылдасып ауыл округ бюджетінің мүмкіндігіне қарай жоғарыда аталған кірістер мен шығындарды мақұлдады.

Осы ұсынысқа дауыс бергендер, жақтаушылар – барлығы, қарсы жоқ, қалыс жоқ. Округ бюджетінің 2019 жылға атқарылуы туралы есебі толығымен талқыланды.

Жиналыс төрағасы:                                        Құдайбергенов Жақсылық

 

Жиналыс хатшысы:                                      Серікбаева Сымбат Ертасқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арыс ауылдық округі бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ
1 Наренбаев Қанат Жұмабекұлы                               
2 Серікбаева Сымбат Ертаскызы
3 Даулеталиев Оразбек              
4 Қалтаев  Сейдуалы                      
5 Турманова Перуза Сейдуллаевна
6 Абдрахманов Кеңесбек
7 Айткулова Гүлжан Жорабековна
8 Оспанов Ерік Серікұлы
9 Абдраймов Әліппек
10 Құдайбергенов Жақсылық
11 Оразбек Жансерік Ерубайұлы
12 Кемелов Ержан Танибергенұлы

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg