Балықты ауыл округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы №2

Балықты ауыл округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы №2

Балықты ауыл округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

 

№2

 

 

Балықты ауылы                                                                                17.02.2020 жыл

 

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны 17

Жиналысқа өзгеде адамдар қатысқан жоқ.

 

Қатысушылар тізімі:  Балықты ауылдық округ әкімі  Уркембаев Арман Жаксылыкулы, ауылдық округ әкімінің орынбасары Сарсенов Нурмат Абдибекович, әкімнің кеңесшісі Абдрасилова Лаура Абдикалыковна, ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маман есепші Шиналиев Марат Сарсенбаевич, ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маман заңгер Оспанова Гулдана Абаевна,  әр ауылдан сайланған қоғамдастық мүшелері:

Балықты ауылынан

    1. Айтубаев Мықтыбек

    2. Тоққулов Ержан

    3. Имашев Тлеуберген

    4. Кадыров Ағапаша

         

Абай ауылынан

  1. Қоқыров Асан

  2.Төрекеев Пернехан

Көкбұлақ ауылынан

1.Жакыпбеков Сабыр Сембекович

      2.Бегимбетов Сатыбалды

Ұрбұлақ ауылынан

  1. Молдабеков Бекмурза
  2. Толепбергенов Алмас

Шарафкент ауылынан

  1. Милионбек Асанов
  2. Қайсар  Ауелбеков Абдіғапарұлы

 

Жиналыс төрағасы:                   Милионбек Асанов

 

Жиналыс хатшысы:                  Оспанова Гулдана Абаевна

 

 

 

 

Күн тәртібінде:

Түлкібас аудандық әкімдігің Балықты ауылдық округінің 2019 жылдың бюджетінің жылдық есебің талқылау

 

Бірінші мәселе бойынша Балықты ауылдық округі әкімі Уркембаев Арман Жақсылықұлы сөз сөйледі:

Құрметті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары 2019 жылға арналған Балықты ауылдық округі әкімінің жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының жылдық түсімдеріне 3 рет өзгерістер ұсынылып, қаржы толығымен игерілді. 2017 қаржы жылының 1 қантарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қантарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық манызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2019-2021 қаржы жылдарына арналған шығыстарын айтып өтті. Осыған орай Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 2019-2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 131-1 және 132 баптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі. Балықты ауылдық округі бюджетінің кіріс көзі 2019 жылғы 20899,0 мың теңгені құрады. Атап көрсеткенде:

2019 жылға округке салықтық түсімдер – 20899,0 мың теңге.

2019 жылға ауылдық округ бюджетіне салықтың мына түрлері бойынша түсімдер жоспарланып толығымен игерілді.

101202  аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығынан түсетін салық – 4000,0 мың теңге

104-102  жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық – 84,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

104-302 елді мекендер жерлеріне алынатын жер салығы – 1000,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

104-401 заңды тұлғалардаң көлік құралдарына салынатын салық – 94,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

104-402 жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық – 15721,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Трансферт түсімі

2019-2021 жылға арналған аудандық бюджет туралы  Түлкібас аудандық мәслихаты шешіміне сәйкес 2019 жылға аудандық бюджеттен бөлінетін субвенция 24585,0 мың теңге көлемінде бекітілді.

Бюджеттің жалпы көлемі түсімдер және шығыстар бойынша 62631,0 мың теңгені құрады.

Шығыстар:

2019 жылы ауылдық округ бюджеті, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелері қамтамасыз етуге бағытталған функцияларға бөлінетін қаржының көлемі 62631,0 мың теңге.

01 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету функционалдық тобының шығыстары 35765,0 мың теңгені құрайды, соның ішіңде:

-         Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметің қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 27917,0 мың теңге.

-         022 мемлекеттік органның күрделі шығыстары – 1010,0 мың теңге.

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша – 12191,0 мың теңге

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша – 1503,0 мың теңге

Елді мекендерді абаттандыру  мен көғалдандыру бағдарламасы бойынша 13262,0 мың теңге жоспарланып игеріліп отыр.

2019 жылдың басында бос қалдықтар 5268,0 мың теңгені құрады. Бюджеттің негізгі параметрлері осындай.

Өзара пікір алмасу мазмұны

Бас маман есепші Шиналиев Марат Сарсенбаевичтің жоғарыда баяндағаны негізінде қоғамдастық мүшелері  өз ойларын төмендегіше айтты:

Тоққулов Ержан сөз алып Елді мекендердегі көшені жарықтандыруға және жөндеуге қарсы еместігін білдіріп, қарастырылған қажы толығымен игерілгендігін айтты. Асанов Милианбек сөз алып  Балықты округінде халық саны күннен күнге артып келеді сол себепті көп қабатты тұрғын үйлер салынса деген ойын білдірді.

Қабылданған шешім :

Жиналыс барысында қоғамдық мүшелері . Айтубаев Мықтыбек, Тоққулов Ержан, Имашев Тлеуберген, Кадыров Ағапаша, Жакыпбеков Сабыр Сембекович, Бегимбетов Сатыбалды, Қоқыров  Асан, Төрекеев Пернехан, М. Асанов, Қ. Ауелбеков өзара ақылдасып, ауыл округ бюджетінің мүмкіндігіне қарай жоғарыда баяндалған бірінші кезектегі шығындарды бір ауыздан мақұлдауды шешті.

                 Жиналыс төрағасы:                             Асанов  Милионбек

 

Жиналыс хатшысы:                                  Оспанова Гулдана Абаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

Балықты ауылдық округі бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

Тегі, аты ,әкесінің аты қолы
1 Айтубаев Мықтыбек  
2 Тоққулов Ержан  
3 Имашев Тлеуберген  
4 Кадыров Ағапаша  
5 Қоқыров Асан  
6 Төрекеев Пернехан  
7 Жакыпбеков Сабыр Сембекович  
8 Бегимбетов Сатыбалды  
9 Молдабеков Бекмурза  
10 Толепбергенов Алмас  
11 Милионбек Асанов  
12 Қайсар  Ауелбеков Абдіғапарұлы  
13 Уркембаев Арман Жаксылыкулы  
14 Сарсенов Нурмат Абдибекович  
15 Абдрасилова Лаура Абдикалыковна  
16 Шиналиев Марат Сарсенбаевич,  
17 Оспанова Гулдана Абаевна  

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg