Жабағылы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы.

Жабағылы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы.

Жабағылы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы.

№1

Жабағылыауылы17ақпандағы2020жыл

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны 8

Жиналысқа өзге адамдар қатысқан жоқ.

Қатысушылардың тізімі: Жабағылы ауылдық округнің м.у.а

Ерчеева Калымкуль  Шеримовна,бас маман Кулманбетов Бекзат Бакадырулы, Меңлібеков Айтбек Нарынбайұлы,аудандық маслихат депутаты және  жергілікті қоғамдастық мүшелері:

  1. Ерчеева Калымкуль  Шеримовна – Ауылдық округ әкімінің м.у.а
  2. Кулманбетов Бекзат Бакадырулы - ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы
  3. Коппель Ольга Романовна- ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы және ауылдан сайланған қоғамдастық мүшелері.

4.  Меңлібеков Айтбек Нарынбайұлы

5.  Сейдалиева Күлшира Олжабайқызы

6.  Султанова Лаура Нысанбайқызы

    7.  Омарова  Жамила Досболовна

     8.Жартыбаева  Нағима  Жамбылқызы

Жиналыс  төрағасы                Меңлібеков Айтбек Нарынбайұлы

 

 Жаиналыс хатшысы             Кулманбетов Бекзат Бакадырулы

Күн тәртібінде:

Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округінің 2019 жылдың бюджетінің жылдық есебің талқылау

Бірінші мәселе бойынша  ауылдық округі әкімінің м.у.а Ерчеева Калыкуль Шеримовна сөз сөйледі:

Құрметті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары 2019 жылға арналған Жабағылы ауылдық округы  әкімнің  жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының жылдық түсімдеріне 3 рет өзгерістер ұсынылып,қаржы толығымен игерілді.

2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстарын айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің «2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 131-1 және 132 баптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі., Жабағылы ауылдық округы  бюджетінің кіріс көзі 2019 жылғы 34 662,0 мың теңгені құрады. Атап көрсеткенде:

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы  органдардың штат санының лимиті аудан әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйегіндегі №696 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдерінің және ауылдық округ, поселке әкімдері аппаратының штаттық құрылымын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жабағылы ауылдық округы аппараты әкімдігінде  7 мемлекеттік қызметкер 6 келісім шарт негізінде  жұмыс атқарады.

Жабағылы ауылдық округы аппараты бойынша: Кіріс және шығыс бөлігі бойынша 28 618 мың теңге бекітіліп, 34662,0 мың теңгеге түзетілген және 34 660,2 мың теңгесі орындалған.Оның ішінде 16 677,4 мың теңге айлық жалақы мен әлеуметтік салықтарға жұмсалған.Басқа да шығыстарға 29057,0 мың теңге жұмсалған.

Күрделі шығыстарға Жабағылы ауылдық округы бойынша монитор принтер, ноутбук және т.б.  500,0 мың теңгеге сатып алды.

Кіріс бөлігі бойынша:

Салықтық түсімдер

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстартардан ұсталатын жеке табыс салығы 6025,0 мың теңге жоспарланып, 7637,9 мың тенге артығымен орындалған.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 80,0 мың теңге жоспарланып, орындалған.

Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы 394,0 мың теңге  жоспарланып, 671,0 мың тенге артығымен орындалған.

Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 221,0 мың теңге жоспарланып, орындалған.

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 4080,0 мың теңге  жоспарланып, 5 345,3 мың тенге артығымен орындалған.

Салықтық емес түсімдер:

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер 420,0 мың теңге  жоспарланып, 525,2 мың тенге артығымен орындалған.

         2019 жылға берілген субвенция көлемі 24008,0 мың теңге. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер көлемі 2620 мың теңге.

         Шығыс бөлігі бойынша:

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 34662,0 мың теңге жоспарланып, 34660,2 мың тенге орындалған.

         Күрделі шығыстарға 500,0 мың теңге жоспарланып, орындалған.

Елді мекендерді жарықтандыруға 800,0 мың теңге жоспарланып, орындалған.

Елді мекеннің санитариясына 500,0 мың теңге жоспарланып, орындалған.

Елді мекендерді абаттандыру көгалдандыру бағдарламасына 7144,0 мың теңге жоспарланып, орындалған.

2019 жылы ауылдық округтың бюджетіне  3 мәрте өзгеріс енгізілді.

1 мәрте  Түлкібас аудандық мәслихат сессиясы 23 сәуірде №39/1-06 шешіміне Жабағылы ауылдық округ шешімі № 6  3.05.2019 жылы шығарылып 4179,0 мың теңгеге  өзгеріс еңгізілді.Оның ішінде  бос қалдық 1589 мың теңге, Республикалық бюджеттен берілген трансферттер көлемі 755  мың теңге(тех персоналдардың жалақысы).

2 мәрте Түлкібас аудандық мәслихат сессиясы 28 маусымдағы №42/1-06 шешімініне  Жабағылы ауылдық округ шешімі № 708.05.2019 жылы шығарылып Республикалық бюджеттен берілген трансферттер көлемі 1865,0  мың теңге(мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 30% көбейіп отыр).

3 мәрте Түлкібас аудандық мәслихат сессиясы 11 қазандағы  №46/1-06 шешіміне Жабағылы ауылдық округ шешімі № 14 29.10.2019 жылы шығарылып Жабағылы ауылдық округ бюджетінің салықтан салыққа, бағдарламадан бағдарламаға ауыстырылу  себебі салықтың орындалмау қаупіне байланысты.

Жабағылы ауылдық округының  2019 жылғы параметірлері осындай.

Өзара пікір алмасу мазмұны

     Жиналыс төрағасы Меңлібеков Айтбек жоғарыда баяндағаны негізінде қоғамдастық мүшелері өз ойларын төмендегіше айтты.

   Сейдалиева Күлшира Олжабайқызы  ұсынылып отырған жоспармен танысып өттік, егерде жоспарлап отырған қаражаттар түсіп жатса оны халықтың қажеттілігіне тиімді жұмсаған дұрыс. Ұсынылған 2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеттік бағдарламаларын қолдаймыз.

Қабылданған шешім:

       Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері: Меңлібеков Айтбек Нарынбайұлы,  Сейдалиева Күлшира Олжабайқызы,  Султанова Лаура Нысанбайқызы, Омарова  Жамила Досболовна, Жартыбаева  Нағима  Жамбылқызы, өзара ақылдасып, ауыл округ бюджетінің мүмкіндігіне қарай жоғарыда баяндалған бірінші кезектегі шығындарды бір ауыздан мақұлдауды шешті.

         Жиналыс  төрағасы                    Меңлібеков Айтбек Нарынбайұлы

 

          Жиналыс хатшысы                        Кулманбетов Бекзат Бакадырулы

 

 

Жабағылы ауылдық округібойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ Қолы
Ерчеева Калымкуль  Шеримовна  
КулманбетовБекзатБакадырулы  
Коппель Ольга Романовна  
Меңлібеков Айтбек Нарынбайұлы  
Сейдалиева Күлшира Олжабайқызы  
Султанова Лаура Нысанбайқызы  
Омарова  Жамила Досболовна  

Жартыбаева  Нағима  Жамбылқызы

 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg