Машат ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ

Машат ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ

 Машат ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ

 № 1

Машат ауылы                                                                                  17.02.2020 жыл

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны 9

Жиналысқа өзге адамдар қатысқан жоқ.

Қатысушылардың тізімі: Машат ауылдық округінің әкімі Амалов Кенжехан Танабайулы, бас маман Усбалиева Асем Айтбековна,аудандық маслихат депутаты Ешенқұлова Ляззат Шынтайқызы, қоғамдық кеңесінің төрағасы Ториев Шаймерден Тоғатайұлы, хатшы Оданов Арман жергілікті қоғамдастық мүшелері:

Усербаев Дауренбек

Үшкемпірова Гүлнар Жадырақызы

Медетов Әбдірашіл Ортайұлы

Шадырман Абай

Жиналыс  төрағасы                              Ториев Шаймерден Тоғатайұлы

 Хатшы                                                  Оданов Арман

Күн тәртібінде:

Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округінің 2019 жылдың бюджетінің жылдық есебің талқылау

 

Күн тәртібі бойынша Машат ауылдық округінің әкімі  Амалов Кенжехан Танабайулы сөз сөйлеп,

Құрметті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары 2019 жылға арналған Машат ауылдық округы  әкімнің  жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының жылдық түсімдеріне 3 рет өзгерістер ұсынылып,қаржы толығымен игерілді.

2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстарын айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің «2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 131-1 және 132 баптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.,

Машат ауылдық округы  бюджетінің кіріс көзі 36047,0 мың теңгені құрады. Атап көрсеткенде:

2019 жылға округке салықтық түсімдер – 7353,0 мың теңге.

2019 жылға ауылдық округ бюджетіне салықтың мына түрлері бойынша      түсімдер жоспарланып  толығымен игерілді:

101202 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығынан түсетін салық –1450,0 мың теңге жоспарланып, 1510,4 мың теңге артығымен орындалған.

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық (104-102) 67,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және 69,8 мың теңге  игерілді.

Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы (104-302)  775,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланып, 887,0 мың теңге орындалды.

Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық (104-402) 5061,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланып 5481,7 мың теңге орындалды.

 

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ  ТҮСІМІ

«2019-2021 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Түлкібас аудандық мәслихаты шешіміне сәйкес 2019 жылға аудандық бюджеттен бөлінетін субвенция 27632,0  мың теңге көлемінде бекітілді. 

Бюджеттің жалпы көлемі түсімдер және шығыстар бойынша 36047,0 мың теңгені құрады.

 

ШЫҒЫСТАР

2019 жылы ауылдық округ бюджеті, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған функцияларға  бөлінетін қаржының көлемі 36047,0 мың теңге.

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» функционалдық тобының шығыстары  28367,0 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 27272,0 мың теңге;

022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 735,0 мың теңге.

04 Білім функционалдық тобы бойынша 2019 жылға барлығы  1000,0  мың теңге қарастырылып, игерілген оның ішінде:

            Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыруға 1000,0 мың теңге жоспарланып толық игерілген

07  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»  функционалдық тобы бойынша 2019 жылға барлығы  6680,0  мың теңге қарастырылып, игерілген оның ішінде:

 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 900 мың теңге;

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 1350,0  мың теңге;

«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 4430,0  мың теңге жоспарланып игеріліп  отыр.

 2019  жылдың басында бос қалдықтар 1062,0 мың теңгені құрады.Жылдың соңында 604,2 мың теңгені құрады. Бюджеттің негізгі параметрлері осындай.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

Жиналыс  төрағасы   Ториев Шаймерден Тоғатайұлы жоғарыда баяндағаны негізінде қоғамдастық мүшелері өз ойларын төмендегіше айтты:

Машат ауылындағы стелланы көркейту керек екенін айтты.Бұдан да бөлек кіріс көздерін іздестіріп, шотқа қаражат түсіру жолдарын іздестіру қажет.

Ешенқұлова Ляззат Шынтайқызы жергілікті қоғамдастық мүшесі Ұсынылып отырған жоспарымен танысып өттік, егерде жоспарлап отырған қаражаттар түсіп жатса оны халықтың қажеттілігіне тиімді жұмсаған дұрыс. Ал енді мына ұсынылып жатқан жобаларды қолдаймын. Ауылдарымыздың көрікті болуына жұмыс жасайық.

 

Қабылданған шешім:

Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері, Усбалиева Асем Айтбековна,Ешенқұлова Ляззат Шынтайқызы,Ториев Шаймерден Тоғатайұлы,Үшкемпірова Гүлнар Жадырақызы, Медетов Әбдірашіл Ортайұлы, Шадырман Абай, Анартаев Өмірбекөзара ақылдасып осы ұсынысқа дауыс бергендер, жақтаушылар – барлығы, қарсы жоқ, қалыс жоқ. Округ бюджетінің 2019 жылға атқарылуы туралы есебі толығымен талқыланды.

Жиналыс  төрағасы                              Ториев Шаймерден Тоғатайұлы

 Хатшы                                                    Оданов Арман

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Машат ауылдық округі бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ Қолы
Амалов Кенжехан Танабайулы  
Усбалиева Асем Айтбекқызы  
Ешенқұлова Ляззат Шынтайқызы  
Ториев Шаймерден Тоғатайұлы  
Үшкемпірова Гүлнар Жадырақызы  
Медетов Әбдірашіл Ортайұлы  
Шадырман Абай,  

Усербаев Дауренбек

 
Оданов Арман  

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg