Мичурин ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы.

Мичурин ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы.

Мичурин  ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы.

№2

Майтөбе  ауылы                                                                                  17  ақпан 2020 жыл

 

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны: 14

Жиналысқа өзге де адамдар қатысқан жоқ.

Қатысушылар тізімі: Мичурин ауылдық округі әкімінің м.у.а Аяпбергенов Төрехан Базарбекұлы, бас маман Мырзахметов Мұрат Мырзахметұлы, бас маман Мейрманов Елубек Сейдуалыевич, қоғамдастық мүшелері:

Ералиев Шарханбек

Сыпабеков Мұсабек

Ахмедов Ахмед Азиз-оглы 

Монкеев Орынбасар Токсанбаевич

Абилов Карип Абуевич

Бижигитов Бахыт Крикбаевич

Алиев Байрамалы

Бердыбаев Назымбек

Тюлебаев Карым Джуниспекович

жиналыс төрағасы: Қоянбаев Бақыт Саттарұлы

жиналыс хатшысы: Теміртас Марғұлан Жасұланұлы

Күн тәртібінде:

Түлкібас ауданы әкімдігінің Мичурин ауылдық округінің 2019 жылдың бюджетінің жылдық есебің талқылау

Бірінші мәселе бойынша Мичурин ауылдық округі әкімінің м.у.а Аяпбергенов Төрехан Базарбекұлы сөз сөйледі:

Құрметті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары 2019 жылға арналған Мичурин ауылдық округы  әкімнің  жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының жылдық түсімдеріне 3 рет өзгерістер ұсынылып, қаржы толығымен игерілді.    

 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстарын айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің «2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 131-1 және 132 баптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі., Мичурин ауылдық округы  бюджетінің кіріс көзі 2019 жылғы      77 827 мың теңгені құрады. Атап көрсеткенде:

2019 жылға округке салықтық түсімдер – 9148 мың теңге.

2019 жылға ауылдық округ бюджетіне салықтың мына түрлері бойынша      түсімдер жоспарланып  толығымен игерілді:

101202 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығынан түсетін салық –1500,0 мың теңге жоспарланып орындалған.

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық (104-102) 125,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы (104-302)  520,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын (104-401) салық 545,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық (104-402) 6458,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды  және игерілді.

 

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ  ТҮСІМІ

«2019-2021 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Түлкібас аудандық мәслихаты шешіміне сәйкес 2019 жылға аудандық бюджеттен бөлінетін субвенция 65 986,0  мың теңге көлемінде бекітілді. 

Бюджеттің жалпы көлемі түсімдер және шығыстар бойынша 77 827,0 мың теңгені құрады.

ШЫҒЫСТАР

2019 жылы ауылдық округ бюджеті, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған функцияларға  бөлінетін қаржының көлемі 77 827,0 мың теңге.

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» функционалдық тобының шығыстары  28 740,0 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 28 525,0 мың теңге;

022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 215,0 мың теңге.

04 «Бiлiм беру» функционалдық тобының шығыстары  39 353,0 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

- Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту – 38761,0 мың теңге;

005 «Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру» 592,0 мың теңге.

07  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»  функционалдық тобы бойынша 2019 жылға барлығы  9 734,0  мың теңге қарастырылып, игерілген оның ішінде:

 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша    969 мың теңге;

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 814,0  мың теңге;

«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 7951,0  мың теңге жоспарланып игеріліп  отыр.

 2019  жылдың басында бос қалдықтар 2693,0 мың теңгені құрады. Бюджеттің негізгі параметрлері осындай.

Ералиев Шарханбек жергілікті қоғамдастық мүшесі 2019 жылғы жасалынған жұмыстар аз емес . Ауылдарымыздың көрікті болуына жұмыс жасап жатырмыз.

 

                                                   Өзара пікір алмасу мазмұны.

           Жиналыс төрағасы Қоянбаев Бақыт Саттарұлы жоғарыда баяндағаны негізінде қоғамдастық мүшелері өз ойларын төмендегіше айтты:

                                              Қабылданған шешім:

Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері Қоянбаев Бақыт Саттарұлы, Ералиев Шарханбек, Сыпабеков Мұсабек, Ахмедов Ахмед Азиз-оглы,  Монкеев Орынбасар Токсанбаевич, Абилов Карип Абуевич, Бижигитов Бахыт Крикбаевич, Алиев Байрамалы, Бердыбаев Назымбек, Тюлебаев Карым Джуниспекович өзара ақылдасып, ұсынылған жобалардың бүгінгі күнде өте қажетті екендігіне байланысты бір ауыздан мақұлдауды шешті. Түлкібас ауданы әкімдігінің Мичурин ауылдық округінің жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару бюджетінің салық көзінен түсетін түсімі және шығыс көздерінің жоспары 2020 жылға 73 060,0 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

          

      Жиналыс төрағасы:                                        Қоянбаев Бақыт Саттарұлы

 

     Жиналыс хатшысы:                                       Теміртас Марғұлан Жасұланұлы

 

 

 

 

 

 

Мичурин ауылдық округі бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ Қолы
Қоянбаев Бақыт Саттарұлы  
Ералиев Шарханбек  
Сыпабеков Мұсабек  
Ахмедов Ахмед Азиз-оглы  
Монкеев Орынбасар Токсанбаевич  
Абилов Карип Абуевич  
Бижигитов Бахыт Крикбаевич  
Алиев Байрамалы  
Бердыбаев Назымбек  
Тюлебаев Карым Джуниспекович  
Аяпбергенов Төрехан Базарбекұлы  
Мырзахметов Мұрат Мырзахметұлы  
Мейрманов Елубек Сейдуалыевич  
Теміртас Марғұлан Жасұланұлы  

 

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg