Рысқұлов ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы. №2

Рысқұлов ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы. №2

Рысқұлов  ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы.

№2

Азаттық  ауылы                                                                                17  ақпандағы   2020 жыл

           

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны 14.

Жиналысқа өзге де адамдар қатысқан жоқ.

Қатысушылар тізімі: Рысқұлов ауылдық округ әкімі Аманов Макулбек Керимбекович, бас маман Темиралиев Абдигаппар, әкім орынбасары Қадырбекова Нурзада, әкім кеңесшісі Джаксыбеков Алибек Каныбекович,  бас маман есепші Исакова Нигора Узаковна әр ауылдан сайланған қоғамдастық мүшелері:

Пошаев Ізбай;
Саитов Абдыхалық  Таджибаевич;
Туртаев Биржан Болатович;
Мусабеков Енсебек;
Бектемисов Қурман;
Жунисова Кулаш;
Худайназаров Нормухаммад Нурметович;
Мунайтбасов Сағымбек;
 

Жиналыс төрағасы:               Ізбай Пошаев

Хатшы:                                   Сауранбекұлы Жарас

Күн тәртібінде:

Түлкібас ауданы әкімдігінің Рысқұлов ауылдық округінің 2019 жылдың бюджетінің жылдық есебің талқылау

Бірінші мәселе бойынша Рысқұлов ауылдық округі әкімі Аманов Мақұлбек Керимбекович сөз сөйледі:

Құрметті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары 2019 жылға арналған Рыскулов ауылдық округы  әкімнің  жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының жылдық түсімдеріне 3 рет өзгерістер ұсынылып,қаржы толығымен игерілді.   

 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстарын айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің «2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 131-1 және 132 баптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі., Рыскулоа ауылдық округы  бюджетінің кіріс көзі 2019 жылғы 54 529 мың теңгені құрады. Атап көрсеткенде:

2019 жылға округке салықтық түсімдер – 18555 мың теңге.

2019 жылға ауылдық округ бюджетіне салықтың мына түрлері бойынша      түсімдер жоспарланып  толығымен игерілді:

101202 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығынан түсетін салық –3930,0 мың теңге жоспарланып орындалған.

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық (104-102) 191,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы (104-302)  574,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын (104-401) салық 262,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық (104-402) 13 578,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды  және игерілді.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары (105-430) 20,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды  және игерілді.

2019 жылға округке салықтық емес  түсімдер – 217 мың теңге,

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер 217,0 мың теңге. мөлшерінде жоспарланып игерілді.

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ  ТҮСІМІ

«2019-2021 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Түлкібас аудандық мәслихаты шешіміне сәйкес 2019 жылға аудандық бюджеттен бөлінетін субвенция 31 673,0  мың теңге көлемінде бекітілді. 

Бюджеттің жалпы көлемі түсімдер және шығыстар бойынша 54 529,0 мың теңгені құрады.

ШЫҒЫСТАР

2019 жылы ауылдық округ бюджеті, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған функцияларға  бөлінетін қаржының көлемі 54 529,0 мың теңге.

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» функционалдық тобының шығыстары  35 765,0 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 34 473,0 мың теңге;

022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 1292,0 мың теңге.

07  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»  функционалдық тобы бойынша 2019 жылға барлығы  18 764,0  мың теңге қарастырылып, игерілген оның ішінде:

 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 8238 мың теңге;

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 855,0  мың теңге;

«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 9 671,0  мың теңге жоспарланып игеріліп  отыр.

 2019  жылдың басында бос қалдықтар 4084,0 мың теңгені құрады. Бюджеттің негізгі параметрлері осындай.

Туртаев Биржан Болатович     жергілікті қоғамдастық мүшесі 2019 жылғы жасалынған жұмыстар аз емес . Ауылдарымыздың көрікті болуына жұмыс жасап жатырмыз.

 

                                                   Өзара пікір алмасу мазмұны.

Жиналыс төрағасы Ізбай Пошаевтің жоғарыда баяндағаны негізінде қоғамдастық мүшелері өз ойларын төмендегіше айтты:

                                              Қабылданған шешім:

Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері Пошаев Ізбай, Саитов Абдыхалық, Туртаев Биржан, Мусабеков Енсебек, Бектемисов Қурман, Худайназаров Нормухаммад, Жунисова Кулаш, Мунайтбасов Сағымбек, Темиралиев Абдигаппар  өзара ақылдасып, ұсынылған жобалардың бүгінгі күнде өте қажетті екендігіне байланысты бір ауыздан мақұлдауды шешті.

           

      Жиналыс  төреғасы                              Ізбай Пошаев

            

       Хатшы                                                   Сауранбекұлы Жарас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рысқұлов  ауылдық округі бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ Қолы
1 Пошаев Ізбай  
2 Аманов Макулбек Керимбекович  
3 Туртаев Биржан Болатович;  
4 Мусабеков Енсебек  
5 Бектемисов Қурман  
6 Жунисова Кулаш  
7 Худайназаров Нормухаммад Нурметович  
8 Мунайтбасов Сағымбек  
9 Темиралиев Абдигаппар  
10 Саитов Абдыхалық  Таджибаевич  
11 Қадырбекова Нурзада  
12 Джаксыбеков Алибек  
13 Исакова Нигора Узаковна  
14 Сауранбекұлы Жарас  

 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg