Састөбе кенті бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ

Састөбе кенті бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ

Састөбе кенті бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ

 № 1

Састөбе кенті                                                                                               17.02.2020 жыл

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны 9

Жиналысқа өзге адамдар қатысқан жоқ.

            Қатысушылардың тізімі: Састөбе кентінің әкімі Cұлтан Пайзалиев Сейдалыұлы, бас маман Мейрбеков Ергали Маликулы, аудандық маслихат депутаты Айдарбеков Асқар Талғатұлы, жергілікті қоғамдастық мүшелері:

Батырбек Мейрбекұлы Ташимбетов

Жұмағұлов Нурланбек

Бостанбек Отарбаев

Серік Меңдібаев

Жиналыс  төрағасы                              Идыров Болатбек

 Хатшы                                                  Абдазимова Гүлім

Күн тәртібінде:

Састөбе кентінің «2019 жылдарға арналған ауылдық және кент бюджеттерін орындалуы туралы

     2019 жылға арналған Састөбе кент әкімнің  жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының жылдық түсімдеріне 3 рет өзгерістер ұсынылып,қаржы толығымен игерілді

Күн тәртібі бойынша Састөбе кентінің әкімі Cұлтан Пайзалиев Сейдалыұлы сөз сөйлеп, 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстарын айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің «2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 131-1 және 132 баптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі., Састөбе кенті бюджетінің кіріс көзі 2019 жылғы 17236 млн. мың теңгені құрады. Атап көрсеткенде:

1.Кірістер бойынша салықтық түсімдері:

          101202 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығынан түсетін салық –5000,0 мың теңге.

          104102 - мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан түсетіні - 188,0 мың.теңге

          104302- жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан түсетіні – 1167,0 мың. тенге

          104401- Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салықтан түсетіні -980,0 мың тенге

     104402 аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық- 9401,0 мың теңге;

     2. Кірістер бойынша салық емес түсімдер бойынша:

  201510 - меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер -100,0 мың. теңге

  1. Шығыс бөлігі бойынша:

001- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер- 33712,0 мың. теңге.

022 - Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары – 1482,0 мың. теңге.

005 - Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру бағдарламасына -1300,0 мың. теңге.

008 - Елдімекендерді жарықтандыру- 2000,0 мың. теңге.

009 - Елдімекендерді санитариялық қамтамасыз ету – 2000,0 мың. теңге.

011 - Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру- 9894,0 мың. теңге.

041 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бағдарламасына 117077,0 мың теңге.

Өзара пікір алмасу мазмұны

    Жиналыс  төрағасы  Идыров Болатбек жоғарыда баяндағаны негізінде қоғамдастық мүшелері өз ойларын төмендегіше айтты:

    Серік Меңдібаев жергілікті қоғамдастық мүшесі 2019 жылғы жасалынған жұмыстар аз емес . Ауылдарымыздың көрікті болуына жұмыс жасап жатырмыз.

 

Қабылданған шешім:

     Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері Cұлтан Пайзалиев Сейдалыұлы, Болатбек Идыров, Батырбек Мейрбекұлы Ташимбетов,  Мейрбеков Ергали Маликулы, Бостанбек Отарбаев, Серік Меңдібаев, Асқар Талғатұлы Айдарбеков өзара ақылдасып кент бюджетінің толық игерілгенін және тиімді жұмсалғанын айтты.

Жиналыс  төрағасы                              Идыров Болатбек

 Хатшы                                                    Абдазимова Гүлім

 

 

 

 

 

 

 

 

Састөбе кенті бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ Қолы
Cұлтан Пайзалиев Сейдалыұлы  

Болатбек Идыров

 
Серік Меңдібаев  

Батырбек Мейрбекұлы Ташимбетов

 

Жұмағұлов Нурланбек

 
Мейрбеков Ергали Маликулы  

Бостанбек Отарбаев

 

Асқар Талғатұлы Айдарбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg