Тастұмсық ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

Тастұмсық ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

Тастұмсық ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

№ 2

Тастұмсық ауылы                                                                      17.02.2020 жыл

Жиналысқа қатысқан барлық адам саны 14

Жиналысқа өзге адамдар қатысқан жоқ.

          Қатысушылар тізімі: Тастұмсық ауылдық округ әкімі Сарсембаев Кайрат Саликбаевич, ауыл округ әкім кеңесшісі Нышанбай Нуржан, бас маман Мадиев Бехзод Салимахаматұлы, бас маман Баймуратова Назира, әр ауылдан сайланған қоғамдастық мүшелері:

Макулбеков Бауыржан;             

Тулимисов Абдыкерим Жуматович;

Сейсенов Спабек Даутбаевич;                                     

Алиев Рахматтилла;

Торланбаев Калдыбек Омарович;

Буркитбаев Бакыт Кертаевич;

Жумакулов Рахматилла;

Абдуалиев Мейирбек;

Дулатова Сапаргуль Избасаровна;

        Жиналыс төрағасы: Сарсембаев Кайрат Саликбаевич

        Жиналыс хатшысы: Байназарова Гульбану Турганбековна

Күн тәртібінде:

Түлкібас ауданы Тастұмсықт ауылдық округінің 2019 жылдың бюджетінің жылдық есебің талқылау

 

      Бірінші мәселе бойынша Тастұмсық ауылдық округі әкімі Сарсембаев Кайрат Саликбаевич  сөз сөйледі:

 Құрметті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары 2019 жылға арналған Рыскулов ауылдық округы  әкімнің  жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының жылдық түсімдеріне 3 рет өзгерістер ұсынылып,қаржы толығымен игерілді.     

        2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстарын айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің «2019 – 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 131-1 және 132 баптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі., Тастұмсық  ауылдық округы  бюджетінің кіріс көзі 2019 жылғы 38 272 мың теңгені құрады. Атап көрсеткенде:

2019 жылға округке салықтық түсімдер – 10970 мың теңге.

2019 жылға ауылдық округ бюджетіне салықтың мына түрлері бойынша      түсімдер жоспарланып  толығымен игерілді:

101202 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығынан түсетін салық –2950,0 мың теңге жоспарланып, 2988,9 мың теңге артығымен орындалды.

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық (104-102) 71,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланып, 78,2 мың теңге  артығымен орындалды.

 Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы (104-302)  595,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және 629,2 мың теңге артық орындалды.

Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын (104-401) салық 56,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды және игерілді.

Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық (104-402) 7298,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланды  және және 9 283,0 мың теңге артық орындалды.

 2019 жылға округке салықтық емес  түсімдер – 188 мың теңге,

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер 188,0 мың теңге. мөлшерінде жоспарланып, 190,3 мың теңге орындалды.

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ  ТҮСІМІ 24 556,0 мың теңге.

«2019-2021 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Түлкібас аудандық мәслихаты шешіміне сәйкес 2019 жылға аудандық бюджеттен бөлінетін субвенция 22 466,0  мың теңге көлемінде бекітілді. 

Республикалық бюджеттен 2090,0 мың теңге бөлінген.

Бюджеттің жалпы көлемі түсімдер және шығыстар бойынша 38 272,0 мың теңгені құрады.

ШЫҒЫСТАР

2019 жылы ауылдық округ бюджеті, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған функцияларға  бөлінетін қаржының көлемі 38272,0 мың теңге.

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» функционалдық тобының шығыстары  25 253,0 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 24556,0 мың теңге;

022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 697,0 мың теңге.

07  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»  функционалдық тобы бойынша 2019 жылға барлығы  13 019,0  мың теңге қарастырылып, игерілген оның ішінде:

 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 5 315 мың теңге;

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2502,0  мың теңге;

«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 

 5 202,0  мың теңге жоспарланып игеріліп  отыр.

 2019  жылдың басында бос қалдықтар 2558,0 мың теңгені құрады. Бюджеттің негізгі параметрлері осындай.

Өзара пікір алмасу мазмұны

          Жиналыс  төрағасы Сарсембаев Кайрат Саликбаевич жоғарыда баяндағаны негізінде қоғамдастық мүшелері өз ойларын төмендегіше айтты:

          Тулимисов Абдыкерим Жуматович – қоғамдастық мүшесі Тастұмсық ауылы 2019 жылы Жыланды уылы Достық көшесі және Амангелді ауылы Атамекен көшесі жарықтандырылды ендігі кезек Тастұмсық ауылы Бибалаев көшесін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Ауылдық округтің санитарлық тазалығын 2019 жылданда көп аумақты қамту қажеттілігін атап кетті.  

         Макулбеков Бауыржан - қоғамдастық мүшесі, ұсынылып отырған жоспарымен танысып өттік, егерде жоспарлап отырған қаражаттар түсіп жатса оны халықтың қажеттілігіне тиімді жұмсаған дұрыс. Ал енді мына ұсынылып жатқан жобаларды қолдаймын. Округіміздің дамуына әр бір тұрғын өз үлесімізді қосайық.

Қабылданған шешім:

     Жиналыс барысында қоғамдастық мүшелері Макулбеков Бауыржан, Тулимисов Абдыкерим Жуматович, Сейсенов Спабек Даутбаевич, Алиев Рахматтилла, Торланбаев Калдыбек Омарович, Буркитбаев Бакыт Кертаевич, Жумакулов Рахматилла, Абдуалиев Мейирбек, Дулатова Сапаргуль Избасаровна өзара ақылдасып округ бюджетінің мүмкіндігіне қарай жоғарыда баяндалған бірінші кезектегі шығындарды бір ауыздан мақұлдауды шешті.

Жиналыс төрағасы                              Сарсембаев Кайрат Саликбаевич

        

Жиналыс хатшысы                           Байназарова Гульбану Турганбековна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тастұмсық ауылдық округі бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі

 

АТӘ Қолы
Сарсембаев Кайрат Саликбаевич  
Нышанбай Нуржан  
Мадиев Бехзод Салимахаматұлы  
Баймуратова Назира  
Макулбеков Бауыржан  
Байназарова Гульбану Турганбековна  
Тулимисов Абдыкерим Жуматович  
Сейсенов Спабек Даутбаевич  
Алиев Рахматтилла  
Торланбаев Калдыбек Омарович  
Буркитбаев Бакыт Кертаевич  
Жумакулов Рахматилла  
Абдуалиев Мейирбек  
Дулатова Сапаргуль Избасаровна  

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg