Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу-басты мақсатымыз!

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу-басты мақсатымыз!

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін індет. Дүние жүзіндегі мемлекеттерде сыбайлас жемқорлықпен әр-түрлі әдістермен күреседі. Кейбір мемлекеттерде тіпті өлім жазасын қолданса, басқалары темір торға отырғызады немесе қомақты айыппұл салады. Дегенмен, өлім жазасы қарастырылған мемлекеттерде де сыбайлас жемқорлық түбегейлі жойылған жоқ. Демек, тек жаза қолданумен сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайды. Осыны назарға алып, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның себептері мен алғышарттарын жоюға басымдылық берілді. Алғашқыда қабылданған Заң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» деп аталған болса, 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға, мониторинг жасауға ерекше назар аударылған. Цифрландыру бағдарламасы сыбайлас жемқорлықты жоюға үлкен үлесін қосып отыр. Бүгінгі күнде қызмет түрлерін e.gov.kz интернет сайтынан алуға болады. Бұл, тұтынушы мен қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшінің арасындағы тікелей қарым-қатынасты жояды, азаматтар лауазымды тұлғалардың кабинеттерінің алдында кезекте тұрмайды, ортада жүретін «делдалдардың» қызметіне жүгінбейді.

         Дегенмен, әлі де кейбір салаларда сыбайлас жемқорлықтан толық арыла алмай отырмыз. 2018 жылы ауданда 3 сыбайлас жемқорлық қылмыс орын алған, оның ішінде 2 мектептің директоры және 1 ауылдық округтің әкімі сотты болды. 2019 жылы 1 мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталды.

         Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың                         29 қарашасында жаңа заң қабылданып, егер қарамағындағы қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасайтын болса, басшы жұмыстан босатылады деген норма енгізілді, басшылардың және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі артты.

         Қылмыстық кодексте сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін жауапкершілікті көздейтін 17 бап бар. Пара беру, пара алу, парақорлыққа делдал болу, алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті талан-тараж ету, жымқыру, рейдерлік, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, билікті асыра пайдалану және т.б. сыбайлас жемқорлық қылмыс болып танылады және қатаң жазаланады. Мысалы, пара алғаны үшін - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеміз.

           

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg