Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткіз

Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткіз

ЖОБА

 

Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

 

      «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы  Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

         3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Түлкібас аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                                   М.Байғарашев

 

Түлкібас аудандық

мәслихатының хатшысы                                                               С.Сейсенбаев

  Түлкібас аудандық мәслихаттың
«___»___________2020 жылғы № ___ шешіміне қосымша

 

 

Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

 

        

1. Осы Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы  Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленіп, Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындайды.

2. Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнай орын болып Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі, №205 мекен жайда орналасқан М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаңы айқындалсын.

3. М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы  алаңында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу  үшін шекті толу нормасы –жүз елу адамнан аспауы тиіс.

4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда от жағуға, пиротехникалық заттарды және өзге өртке қауіпті нәрселерді пайдалануға, ғимараттарды, құрылысжайларды, шағын сәулет нысандарын, жасыл екпелерді, сондай-ақ өзге де мүлікті зақымдауға, жоюға тыйым салынады. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда бейбіт жиналыстар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының және басқа заңнамаларды сақтай отырып өткізілуі тиіс.

5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды төменде көрсетілгендермен материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі тиіс:

1) Арнайы орындар толық көрінетіндей етіп бейне-бақылау камераларымен жабдықталуы;

2) арнайы орындарда күл-қоқысқа арналған урналар орнатылуы;

3) арнайы орындарды дезинфекциялау үшін тиісті препараттармен қамтамасыз етілуі.

         6.  Пикеттеуді өткізуге:

         - Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №210 мекенжайында орналасқан Түлкібас аудандық сотының аумағында және алдында; 

- Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №189 мекенжайында орналасқан Түлкібас аудандық прокуратурасының аумағында және алдында;

- Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №194 мекенжайында орналасқан Түлкібас аудандық полиция бөлімінің аумағында және алдында;

- Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Бекбосынов көшесі №112 мекенжайда орналасқан Түлкібас аудандық орталық ауруханасының аумағында және алдында;

- Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Жамбыл көшесі №91 мекенжайда орналасқан Түлкібас аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің аумағында және алдында;

 - Түлкібас ауданындағы барлық білім беру мекемелерінің аумағында және алдында;

- Түлкібас ауданы, Түлкібас кенті, К.Байсеріков көшесі №33/А мекенжайда орналасқан Түлкібас теміржол вокзалының аумағында және алдында;

-  Түлкібас ауданы бойынша аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін «Тұраркент-су» МКК, «Састөбе су» ЖШС және «Жедел құрылыс» ЖШС мекемелеріне қарасты су жинағыш алаңдары, каптаждарымен ұңғымаларының аумағында және алдында;

-  Түлкібас ауданы бойынша өтетін магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg