Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

           жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
Е-R-1 142460 192366

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон:(8725-38) 51-813, 51-363,  тел/факс (8725-38) 52-132, эл.почта g.aitymbetova@ontustik.gov.kz

Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Е-R-1 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері:.Ауданда тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласының заңдылығын жүзеге асыру жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру. Ауданда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, электр қуаты, табиғи газ және телекоммуникациялардың, құрылыс, ауыз су саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Ауданда электр қуаты, су, табиғи газ және телекоммуникациялардың дамыған инфрақұрылымын қалыптастыруда қажетті құқықтық әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жасайды. Ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, көріктендіру, санитарлық тазалық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, бөлімнің іс-құжаттарын жүргізеді. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, коммуналдық меншік, санитарлық тазалық, көгалдандыру және көріктендіру салаларының жұмыстарын үйлестіреді. ҚР Заңдарына сәйкес өз саласы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастырады, тиісті барлық құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология (көлік құрылысы, электроэнергетика, жылу энергетикасы,  стандарттау, сертификаттау жəне метрология, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру, маркшейдер ісі, машина жасау, технологиялық машиналар және жабдықтар,  геодезия және картография, экономикалық кибернетика,), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару,  жобаны басқару, қаржы), қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, жерге орналастырушы, кадарстр, бағалау) мамандықтары бойынша.

Республикалық комиссиямен бекітілген басым мамандықтары бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындары немесе «Назарбаев Қоры» және «Назарбаев Интелектуалды мектептері», «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес автономды білім мекемелерінде осы лауазымның функционалдық міндеттеріне тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі  ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органда жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде  көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

                   Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үй кабинетте өтеді.

Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

                       Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: https:/gov.egov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

      __________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені  _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________

__________________________________________

__________________________________________

Мекен жайы: ________________________________________________________

Байланыс телефоны: _________________________________________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

   _________                                       _________________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg