«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
E-R-4 95246 128834

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон:(8725-38) 51-813, 51-363,  тел/факс (8725-38) 52-132, эл.почта g.aitymbetova@ontustik.gov.kz

 

1.Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық саласы секторының бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік тұрғын үй қорының есебін жүргізеді, мемлекеттік тұрғын үйлерді бөлу бойынша тиісті құжаттар дайындайды, келіп түскен өтініштерді тіркеп, тұрғын үй кезегінің тізімін дайындайды және осы сала бойынша басқа да қызметтерді ұйымдастырып,  мәліметтер дайындау; Лауазымдық нұсқаулығында бекітілген міндеттерге сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстарын орындайды. Жүктелген міндеттерге сәйкес сала қызметтерін заң талаптарына сәйкес мерзімінде сапалы орындайды.  жүктелген міндеттерге сәйкес сала қызметтерін үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төменде көрсетілген баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырып, дәлелдемелерді жинақтап, әкімшілік істі шешім қабылдау үшін аудан әкімінің (сала бойынша) орынбасарына бөлім басшысы арқылы осы кодекстің 320-баптың 5,6,7 бөліктері бойынша жолдауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру, стандарттау жəне сертификаттау,  маркшейдер ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, машина жасау, көлік құрылысы), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (сала бойынша), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару,  жобаны басқару) мамандықтары бойынша.

2. Түлкібас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы   -R -4 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық инспекциялау қызметіндегі біртұтас мемлекеттік саясатты іске асырады. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді, тіркеуден шығару, оларды басқаруға арналған куәліктер беру, ауырпалықтар туралы ақпарат беруді, жыл сайынғы мемлекеттік қарап-тексеруді өткізу, кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу, сенімхат бойынша жүргізетін адамдарды тіркеу. Аудан көлеміндегі ауылшаруашылық техникаларын есебін жүргізу, дайындығы туралы ақпараттар ұсынуды. Техникаларды жаңалау, лизингіге алу бойынша алуды ұйымдастыру, мәліметтерді басқармаға өткізу. Кірістер басқармасына алынған БАЖ туралы, техника саны туралы мәліметтер беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары, техникалық ғылымдар және технология (биотехнология, азық – түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, көлік құрылысы, көлік, көліктік техника және технология, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы,  органикалық заттардың химиялық технологиясы, технологиялық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша), ветеринария, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

                  

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 

1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

77. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

78. Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

79. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

80. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

                 Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті орган жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінде көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

                   Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

                       Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

                  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты:                          https:/gov.egov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

      __________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені _____________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________

_____________________________________________________

____________________________________________________

Мекен жайы: ________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________

e-mail: _______________________________________________

ЖСН: _______________________________________________

  _________                                       ___________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 
2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 
3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 
4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

 
5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 
6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 
7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 
8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 
9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 
10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 
  ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
  Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

 
       
       
       
 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg