Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

 

 

 

ЖОБА

 

 

 

 

 

Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған

тарифтерді бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының                6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы                    25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10030 тiркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Түлкібас ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмге 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмге 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

          3. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

          4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.  

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                                                 С.Сарсембаев

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                      С.Сейсенбаев

Осы шешім жобасы бойынша пікір, ұсыныстарыңызды Түлкібас аудандық мәслихатына жолдауларыңызды сұранамыз. Анықтама үшін сымтетік: 52-216.

3

                                                                                                         Түлкібас аудандық

                                                                                                                 мәслихатының _______

                                                                                                               2020 жылғы №_______  

                                                                                                             шешіміне 1 қосымша

                                                                                 

     Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақ

талу норма

лары,

м3
1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын

1,86

1,94

2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 1,28
3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 0,62
4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,35
5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,21
6 Емханалар 1 келіп кету 0,018
7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 0,73
8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,029
9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,99
10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,06
11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1м2 0,003
12 Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша

1 орын

0,09
13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1м2 -
14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1м2 0,98
15 Машиналардан сату сауда орнының 1м2 -
16 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1м2 0,21
17 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1м2 -
18 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1м2 --
19 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1м2 0,02
20 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1м2 -
21 Жағажайлар Жалпы алаңы 1м2 -

4

22 Дәріханалар Сауда алаңы 1м2 0,33
23 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина- орын 1,90
24 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 1,7
25 Гараж кооперативтері 1 гаражға -
26 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,56
27 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 0,1
28 Зергерлік, аяқ киімді,  сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1м2 0,23
29 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) және сол сияқтылар 1 жұмыс орны -
30 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,06
31 Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы -
30 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске -

5

 

                                                                                                               Түлкібас аудандық

                                                                                                                       мәслихатының _______

                                                                                                                     2020 жылғы  №______   

                                                                                                                   шешіміне 2 қосымша

                                                                                                     

Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атаулары

Есептік

бірлік

Баға, теңгемен
1 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері    
1.1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 адам 100
1.2 Заңды тұлғалар 1 текше метр 700
2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтер    
2.1 Жеке тұлғалар 1 текше метр 100
тонна -
2.2 Заңды тұлғалар 1 текше метр 250
1 тонна -
3 Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтер - -

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg