Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екі-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзінді көшірмемді қарап, тексеріп отырамын. Байқағаным, сома үнемі өзгеріп отырады, оның тек көбейіп қана қоймай, кеміп отыратын кездері де болады.

Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екі-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзінді көшірмемді қарап, тексеріп отырамын. Байқағаным, сома үнемі өзгеріп отырады, оның тек көбейіп қана қоймай, кеміп отыратын кездері де болады.

Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екі-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзінді көшірмемді қарап, тексеріп отырамын. Байқағаным, сома үнемі өзгеріп отырады, оның тек көбейіп қана қоймай, кеміп отыратын кездері де болады. Неге олай болатынын түсіндіріп беріңіздерші?

Үзінді көшірмеден Сіз зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұратын зейнетақы жинақтарының сомасын көресіз.

Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жарналары БЖЗҚ-да сақталып қана қоймайды, оны зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттеріне инвестициялайды.

Сіз жинақтар сомасының өзгерісін олардың зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеліп, қайта бағаланып отыратындығынан көріп отырасыз.

Инвестициялық табыс тұрақты шама емес, сол себепті ол қысқа мерзім ішінде  оң нәтиже немесе сол нәтиже  көрсетуі мүмкін. 

БЖЗҚ салымшыларының қаражаты тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылатынын есте сақтау маңызды. Мысалы, қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3  теңгемен және 1/3  шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі – АҚШ долларымен номиналданады.

Сондай-ақ инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыстар және т. б. кіреді.

Мысал ретінде салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелінген инвестициялық табысты қарастыруға болады. Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгені, ақпан айында +111,7 млрд теңгені, наурыз айында +521,8 млрд теңгені, сәуір айында – 125,6 млрд теңгені, мамырдан бастап 2 маусымға дейінгі аралықта – 102,4 млрд теңгені құрады.

          Наурыз айында инвестициялық табыстың айтарлықтай өсуі (+521,8 млрд.теңге), ал сәуір, мамыр және маусым айларының  басында инвестициялық табыстың төмендеуі  байқалады. Бірақ соған қарамастан 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2 маусымға дейінгі кезеңдегі инвестициялық табыстың жалпы сомасы +433,6 млрд теңгені құрап, оң нәтижеге қол жетті. 

Егер осы жылдың наурыз айы неліктен соншалықты табысты болғанын анықтағыңыз келсе, бірнеше айға кейін шегінейік және дәл наурыз айында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381-ден 448 теңгеге дейін артқанын еске  түсірелік. Дәл сол кезде біз оң нәтижені көрдік. Себебі, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтері бойынша таза инвестициялық табыстың елеулі өсуіне әсер етті.

          Сәуір айында  керісінше, АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 448 теңгеден 424 теңгеге дейін төмендеп, нығая түсті. Ұлттық валютаның нығаю үрдісі 2020 жылдың мамырында да жалғасты. АҚШ долларының құны 411 теңгеге дейін төмендеді. Маусымның алғашқы күндері ұлттық валюта бағамының 1 АҚШ доллары үшін 402 теңгеге дейін төмендеуімен сипатталды. Тиісінше, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін теріс бағалау орын алып, ол өз кезегінде инвестициялық табыстың төмендеуіне ықпал етті.

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кем дегенде бір жыл кезеңде талдаған дұрыс екендігіне назар аударамыз.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg