Жақында Норвегияның зейнетақы қоры туралы мақала оқыдым, олардың Қорында жұмсауға үлгере алмай жатқан орасан зор сома жиналып қалған екен, ал біздің БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері неге сонша аз?

Жақында Норвегияның зейнетақы қоры туралы мақала оқыдым, олардың Қорында жұмсауға үлгере алмай жатқан орасан зор сома жиналып қалған екен, ал біздің БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері неге сонша аз?

Салыстырудың өзі қисынсыз, өйткені өзінің атауына қарамастан Норвегия азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қорының бастапқы және басым міндеті болып табылмайды. Мемлекетке тиесілі бұл Қор сонымен бірге жинақтаушы және тұрақтандырушы ұйым болып табылады және оның міндеті – бюджет саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Норвегия Парламентіне тиесілі Қордың мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы транштарының зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету туралы қатаң нысаналы мақсаты жоқ, бұл Норвегия бюджетін қаржыландыру көздерінің бірі ғана, ал оларға бөлінетін қаражат Скандинавия елінің экономикасы мен өмірінің түрлі салаларына бағытталуы мүмкін.

МЗҚ-ның БЖЗҚ-дан тағы бір ерекшелігі, қазақстандық Қорға қарағанда норвегиялық активтер азаматтардың дербестендірілген жинақтары болып табылмайды, шын мәнінде Норвегияның ұлттық әл-ауқатын тұрақтандыру қоры болып табылады. Осылайша Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қорының жинақтарды қалыптастыру қағидаты мен стратегиялық мақсаттарын  қазақстандықтардың жеке зейнетақы жинақтары қалыптастырылатын БЖЗҚ-мен емес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорымен (ол өз уақытында дәл осы норвегиялық үлгі бойынша құрылған) салыстырған дұрыс болар еді.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg