«ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

«ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

7G4A6348 Бүгін ауданда өңірлік «ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» атты жастар форумы өтті. Іс-шараға ауданымыздың түрлі салаларында жетістікке жеткен ең белсенді деген 360 -тан аса жас қатысты.Олардың ішінде жас кәсіпкерлер, танымал спортшылар, жоғары және орта білім беру ұйымдарының студенттері мен оқушылары  және БАҚ өкілдері болды.

Айта кетсек ауданымызда бүгінгі күні   14-29 жас аралығында  27 мың 286 жас болса, оның 8441 мектеп қабырғасында, 6490 орта және жоғары оқу орнында білім алуда. Қалған 12 355 түрлі салада қызмет атқаруда.

Өткен жылы мемлекеттік жастар саясаты аясында  35 жас мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, биылғы жылы 38 пәтер кілті жас отбасыларына берілмек. Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы түрлі мекемелерге биыл 120 жасты «Жастар практикасы» арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланып, қазіргі таңда 98 жас  жұмысқа тартылды. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 бағдарламасы аясында биылығы жылы бизнестің бастаудың жолына баулу мақсатында 75 жасты оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 22 жас жеңілдетілген несие алуға ниет білдіріп отыр.

Сонымен қатар биылғы жастар жылына орай ауданымыздың белсенді, үздік, талантты жастар жайында кітап шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында «Тұңғыш Президент» саябағының ішінен «Жастар» аллеясын ашуды көздеп отырмыз. Аллеяға жастар мен жаңадан отбасы құрған жас келіп, серуендеуіне жағдай жасалмақ.

Форумда аудан белсенділері сөз сөйлеп, өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Жастар аудан әкіміне өз ұсыныстарын жолдап, алғыстары мен сыйлақтарын ұсынды. Және Түлкібас жастары, ұрпақ үшін, ел үшін, атамекен жер үшін әрқашан елге қызмет етуге, Түлкібасты түлетуге уәде беретіндіктерін жеткізді.

Форум барысында аудан жастарының өз қолдарынынан жасаған робототехника көрмесі ұйымдастырылды. Аудан басшысы көрмені аралап жастарының жұмыстарымен танысып оң бағасын берді.

Аудан басшысы Н. Тұрашбеков форум қатысушыларына деген өз пікірінде, Мемлекетімізде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының  арқасында  жастар  саясаты үлкен қолдауға ие екендігін және соның айғағы ретінде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» сияқты өзге де бағдарламаларды келтірді. Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қарыштап дами түсуі үшін жастардың тың идеялары, орнықты пікірлері, алғыр шешімдері мен шынайы тазалықтары керектігін және отаншылдық сезіммен, жалынды жігермен туған елімізге қызмет етуге шақырды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg