«ТҮЛКІБАСТЫҚ ӘЖЕЛЕР БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БОЛУДЫҢ СЫРЫМЕН БӨЛІСІТІ»

«ТҮЛКІБАСТЫҚ ӘЖЕЛЕР БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БОЛУДЫҢ СЫРЫМЕН БӨЛІСІТІ»

IMG 0144 Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні аудан әкімідігінің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада «Бақытты отбасы болудың сыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ашық форматта өткен жиынның басты мақсаты бала тәрбиесі, отбасыдағы ата-ананың рөлі, әжелер алқасының жұмыс жоспарын талқылау болды.
Кездесуге, аудан әкімінің идиология жөніндегі орынбасары Е.Күзембаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков, аудандық әжелер алқасының төрайымы К.Ешенқұлова, ауылдық округ, кенттердегі әжелер алқасының төрайымдары қатысты. 
Еркін форматта өткен кездесуде ардақты аналарымыз, балаларды тәрбиелеу барысы, Тәуелсіздік алған жылдарындағы бастарынан өткізген қиын кезеңдерді еске алып, қиыншылықтарға мойымай балаларын көштен қалдырмай оқытып, отбасылы болып, еңбек еткендерін тілге тиек етті. Сонымен қатар, атқарып отырған қоғамдық жұмысты жүргізу барысы жайында әңгіме өрбітті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, келешек ұрпаққа салт-дәстүрімізді ұстана отырып, «Жастарға патриоттық тәрбие және рухани ізгілікке тәрбиелеу бағытында және аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер туралы және ұлттық құндылықтармен ұрпақ тәрбиесі тақырыбында кеңінен насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселесін алға қойды.

  

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg