БОС ЛАУАЗЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

БОС ЛАУАЗЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

7G4A8371 Бүгін аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы «Жеті қазына» аллеясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласындағы бос лауазымдарды кадрлармен жасақтау және мемлекеттік қызметке түсу шарттарымен таныстыру мақсатында бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ашқан аудан әкімінің орынбасары Жабағы Асхат Базарбайұлы, келген ауыл тұрғындарына шараны пайдалана отырып, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар ала алатыңдықтарын жеткізді. 
Жәрмеңкеге аудан аумағында орналасқан ауылдық округ, кенттерден жұмыссыз жүрген жүзден астам азаматтар қатысып, аудан аумағындағы мекемелердегі бос лауазымдар легімен танысты. Шара барысында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің мамандары тарапынан бос лауазымдарға орналасу шарттары түсіндіріліп, әдістемелік парақшалары таратылды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg