"ЖЕР ЖӘННӘТІ ТҮЛКІБАС АУДАНЫ"-"ШҰБАЙҚЫЗЫЛ ШОҚЫСЫ"

"ЖЕР ЖӘННӘТІ ТҮЛКІБАС АУДАНЫ"-"ШҰБАЙҚЫЗЫЛ ШОҚЫСЫ"

15 024 Шұбайқызыл шоқысында еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумақ. Бұл қызғалдақтар Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Ең көп шоғырланған жері осы Түлкібас ауданының Шұбайқызыл шоқысы. Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар тіршілік жаңарған шақта 15-20 гектардай жерді алып жатқан алқап қызыл кілемге оранғандай әсем түрге енеді. Тарихқа көз жүгіртсек бұл жерді «Красная горка», кейінен «Қызыл төбешік» деп атаса, қарымды қаламгер Мархабат Байғұт ағамыздың бастамасымен «Шұбайқызыл шоқысы» қайта атауы берілді. 1977 жылдан бері бұл жер мемлекеттің қарауындағы аймақ болып саналады. 
Қызғалдақ гүлі қазақ халқының түсінігінде – көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы болып есептеледі. Сонымен қатар, бұл өсімдіктің емдік қасиеті де бар. Отандық дәрігерлеріміз бұл гүлді бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg