«АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ!»

«АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ!»

7G4A1733 Қасіретті Ұлы Отан соғысы жылдардағы қиын шақтардың азабын көрген ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз.

      Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Ә.Тұрашбеков жылдағы дәстүрге сай 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы ат басын бұрып, мерекелерімен құтықтап, құрмет көрсетті.

     Уақыт зымырап өтіп жатыр, алайда бұл оқиғаның маңыздылығы ел есінен ешқашана кетпейді. Қаһарлы соғыста ата бабаларымыз от кешіп, ұрпағының тыныштығы үшін, бейбітшілік үшін елді қалай қорғағаны есімізде. Олар нағыз ерлік көрсетті. 500 отандасымыз Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.

     Ауданымызда сұрапыл соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Бүгінгі күні оқ пен оттың ортасында өмір мен ажал арпалысқан соғыстан елге Ұлы Жеңіспен оралған майдангерлермен, сол жеңісті жақындатуға орасан үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің қатары жыл озған сайын сиреп барады. Міне, Ұлы Жеңіс күні мерекесін ауданымыздағы жеңіс жауынгерлерінің 7-і ғана біздің арамызда. Десек те, қан майданда шейіт болған майдангерлердің рухтарына бас иіп, елге жеңіспен оралған ардақты ардагерлеріміз бен ерлікке пара-пар ерен еңбектің үлгісін көрсеткен тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg