«ЕРЛІК ДАҢҚЫ-ЕШҚАШАН ӨШПЕЙДІ»

«ЕРЛІК ДАҢҚЫ-ЕШҚАШАН ӨШПЕЙДІ»

7G4A1872 Қасиетті Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады. Бүгін Түлкібас ауданының «Соғыс ардагерлері» аллеясында 9- мамыр Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Ерлік даңқы-Ешқашан өшпейді» атты тақырыпта мерекелік шара өтті. Онда қатысушылар майданда қаза тапқан құрбандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, оларға тағзым етті. Салтанатты жиын барысында аудан басшысы және жиналған қауым «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков, Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы. Сонымен қатар, бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі деп білемін-деп, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша түлкібастықтарды Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құттықтады.


Бүгінде сұрапыл соғыс майданынан аман-сау оралған майдангерлердің 7 ардагері, 9 ҰОС мүгедегінің жесірі және 837 тыл еңбеккерлері ортамызда жүр. Ардагерлерге жылдағы дәстүр бойынша мемлекет тарапынан әрқашанда қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтар болсақ, облыстық және аудандық газеттерге тегін жаздырылу жұмыстары сондай-ақ ардагерлердің аудан аумағында қоғамдық көліктерде тегін жүруіне, электр қуат көзін тегін пайдалануға, шипажайларда ем қабылдауына жағдай жасалуда. Сонымен қатар тұрғын үйлерін жөндеу, тұрмысы төмен отбасыларына материалдық көмектер көрсетілуде. Биылғы жылы әрбір Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 250 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмек берілді.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg