«ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС!»

«ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС!»

7G4A2241 Ата-бабамыз қандай мереке болмасын ұлттық ойындарымызбен сабақтастырған. Осы орайда 9-мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік шара, аудан орталығындағы «Соғыс ардагерлері» аллеясынан бастау алып, аудандық атшабарда жалғасын тапты.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениеті Ұлы даладан тарағаның айтқан болатын. Мақаланың басым бағытарын іске асыру және ұлтық ат спортымызды кенінен насихаттау мақсатында орталық атшабарда ардагерлер мен аудан тұрғындарының құрметіне ұйымдастырылған мерекелік шараға бес мыңнан астам аудан тұрғындары жиналып, ұлттық ойындарымыз теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ, аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, тай жарыс және командалық көкпарды тамашалады.

Сонымен қатар, жиналған қауымға аудан өнерпаздарының тарапынан мереке тақырыбына сай концерттік бағдарлама ұйымдастырылдып, кішкентай бүлдіршіндерімізге театрландырылған көріністер қойылды. 
Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша түлкібастықтарды Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында бұқара халыққа сауда қатарлары қойылып, тау бөктерінде орналасқан атшабар аймағында халықтық серуен ұйымдастырылды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg