ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА!

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА!

IMG 1419 Ағымдағы жылдың 5 маусым күні Түлкібас ауданының прокуроры Ж.Ахметбектің төрағалығымен аудандық полиция бөлімінің ғимаратында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық жиын өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімінің бастығы С.Майлыбаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Қадырбек, аудан прокуратурасы мен полиция қызметкерлері қатысты.
Алқалы жиынның күн тәртібінде құқықбұзшылық профилактикасы, ұрлық қылмыстар, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың, бұрын сотты болған тұлғалармен қылмыс жасаудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Кездесудің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан прокурорының орынбасары Т.Монтаев және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Әжібеков аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Сондай-ақ, жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Қадірбек білім ошақтарындағы кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталып өтті.
Жиынды қорытындылаған аудан прокуроры Ж.Ахметбек, аудан аумағындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмыстар жоғарғы деңгейде іске асу керектігін ескеріп, кездесудегі талқыланған мәселелерді басшылыққа алып тиісті құқық қорғау орган басшылары мен аудандық білім бөлімінің басшысына тапсымаларды жүктеді.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg