ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: Жанұзақ ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: Жанұзақ ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

WhatsApp Image 2019 07 10 at 11.07.58 Аудан әкімі Н.Тұрашбековтың 2018 жылдың қорытындысымен халыққа есеп беру барысында ауыл тұрығындарынан біршама ұсыныстар түскен болатын.
Соның бірі Жаскешу ауылдық округіне қарасты Жанұзақ елді мекеніндегі ауылдық клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген тұрғындардың өтініштері болатын. Бүгінде көпшіліктің ұсынысы аяқсыз қалмай, ауылдық клубқа күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. 100-ден аса адамға есептелген мәдени нысанның жөндеу жұмыстары мен қатар, аумағы толығымен қоршалып, абаттандырылмақ.
Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыры» бағдарламалық мақаласы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бұл нысан, аудан орталығынан шалғай жатқан 45 қана үйі бар Жанұзақ ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Өйткені бұл жерде ауыл жастары музыкалық және басқада да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланумен өткізуге жағдай жасалынбақ.
Ауылдық клуб қыркүйек айында елді мекен тұрғындарына қызмет көрсете бастайды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg