АУДАН ӘКІМІ МАШАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КӨПІР ЖӘНЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ МАШАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КӨПІР ЖӘНЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

f7a51bbe 348a 4801 af17 bb5959dd8c77 Бүгін аудан әкімі жұмыс жоспарына сай Машат ауылдық округіне барып, округ аумағындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан көпір және жол құрылысы жұмыстарының барысын тексерді.
Бірінші кезекте аудан басшысы Қарабастау-Машат ауылдары бағытындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан жол құрылысының жұмысын тексерді. 2019 жылдың 16 тамызында бастау алған жолдың күрделі жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда 30 пайызға жетіп отыр. Жалпы ұзындығы 1,5 шақымыды құрайтын жолға жөндеу жұмыстары барысында лоток қойылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол да салынбақ. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында ел игілігіне пайдалануға берілу жоспарлануда. 
Жол құрылысын аралап болған соң аудан әкімі Машат-Мынбай бағытындағы ауыдандық маңызы бар жол бойында орналасқан Арыс өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді.Ұзындығы 60 метр, ал ені 8 метрді құрайтын көпірдің құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 40 пайызға жетіп отыр. Нысанның жөндеу жұмыстары қараша айының соңында аяқталып, желтоқсан айында толық пайдалануға берілуі жоспарлануда.
Нысандарды толығымен аралап көрген аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшыларына және ауылдық округ әкіміне күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы болуын және уақытында аяқталуын тапсырды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg