«ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ТҰЛҒА»

«ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ТҰЛҒА»

WhatsApp Image 2019 10 07 at 08.59.04 Бүгінгі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар легі Ұлы тұлғаның есімі берілген аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылындағы «Тұңғыш Президент» саябағында «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға» атты салтанатты шарамен қорытындыланды.

Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай жөндеуден өтіп қайта жаңғырған саябақта келген қонақтарды ұлттық киімдегі 125 қыз келіншектер күтіп алып, Түлкібас ауданының брендтерінің бірі саналатын 125 себет(корзина) алма жемісінен тарту етті.
Бұдан соң келген қонақтар саябақ ішінен жастар жылына орай жаңадан бой көтеріп жатқан "Жастар аллеясының" құрылыс жұмыстары барысымен танысып, аллея аумағына Ұлы тұлғаның 125 жылдық мерейтойына орай 125 түп көшет отырғызды.
Шараға арнайы келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өмірі туралы тұшымды баяндама жасап, жиналған көпшілікті мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ, шара барысында қарымды қаламгер, жерлесіміз Мархабат Байғұт атамызда мінбеге көтеріліп, ыстық лебізін білдірді.
Салттанаттық шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg