Шерхан Мұртазаға ескерткіш белгі қойылды

Шерхан Мұртазаға ескерткіш белгі қойылды

WhatsApp Image 2019 10 07 at 08.58.05 Алматы қаласында көрнекті мемлекет қайраткері, қарымды қаламгер, республикалық бірқатар басылымдарда басшылық қызмет атқарған, көптеген  шығармалардың авторы Шерхан Мұртаза ағамыздың жерленген Кеңсай мазарына Түркістан облысы, Түлкібас ауданының халқының ұйытқы болуымен ескерткіш белгі қойылды.Ескерткіш кітап мүсінімен жасалған. .Ескерткіште Шерхан ағамыздың суреті мен туған жылы, тағылымды ойлары жазылған. Ескерткіштің авторы Ербосын Мелдебеков. Оның ашылуына  ғалым, абайтанушы  Мекемтас Мырзахметұлы, белгілі журналист Мейрамбек Төлепберген, қоғам қайраткері Қайрат Айтбай  сөз сөйлеп, Шерхан ағамыз жайлы естеліктер айтты. Жиынға Шерхан Мұртазаның қызы Алма Шерханқызы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, республикаға танымыл ақын-жазушылар мен Жамбыл  және Түркістан облысынан арнайы  келген қонақтар қатысты.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg