АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАРАДЫ

АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАРАДЫ

WhatsApp Image 2019 11 20 at 17.35.09 Жақында ғана Тараз қаласында «SILK WAY STARS» байқауы өтті. Оған ауданымыздан бірнеше өнерпаз жастарымыз қатысты. Жамбыл облысының 80 жылдығына орай алғаш рет өтіп жатқан жарыста ауданымыздың атын шығарып жүрген бұлбұл әнші атанған Диана Ерсерікқызы бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар 1-ші орынды да ауданымыздың өнерлі жасы, Нұрбек Түлеуқұл иеленді. Қазақ драмма театрында өткен байқауға барлығы 40 шақты үміткер бақтарын сынап келген. Жеңімпардарымыздың ұстазы, вокал үйірмесінің жетекшісі Досымхан Сәкенұлының айтуынша, олар осы жетістікке жету үшін аянбай еңбек етіп, байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Шәкірттерін өнер шыңына шығара білген, Аймақтық Әлеуметтік Иновациялық университетінде эстрада вокал класын тәмәмдап, ауылымыздың жастарының өнерге деген ынтасын ашу мақсатында ауданымыздың өнер мектебінде жұмыс атқырып жүрген Д.Сәкенұлының да еңбегі еленіп «Үздік ұстаз» номинациясына ие болды. Оның арманы ауданымыздың атын шығарып, биік белестерді бағындыра алатын жастырдың өнерін шыңдау. Жеңімпаздарымызды құттықтай келе, оларға қажымас қайрат, өнерлеріне шабыт, жетістіктер тілейміз.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg