ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

79295297 180654859751742 6983389022525587456 o Балапандарды күзде санайды-демекші, «Алтын күз» шаруалардың жыл бойғы бел жазбай істелген еңбектерінің жемісін көретін, нәтижесін сараптап, балапанды санап, алдағы межелерді белгілейтін шағы. Бүгін аудандық мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сай «Алтын күз 2019» мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік шара барысында 2019 жылы ауданның ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарды баяндайтын бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов аудан кәсіпкерлерін мерекелерімен құттықтап, ауданымыздың ауылшарушылығы саласында жоғарғы көрсеткіштерге жеткен кәсіпкерлерді мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапаттады. 
Бүгінде еңбегінің жемісін көріп отырған ауданымыздың еңбек озаттары да Елбасының тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру мақсатында тынымсыз және тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, өзіндік жақсы көрсеткіштерімен қарсы алуда. Бұның дәлелі ретінде биыл, Түркістан облысы бойынша 2019 жылдың қорытындымен Түлкібас ауданы жеміс-жидек қарқынды бауын өсіруде және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өндеу бағытындағы үзік аудан атануын айтсақ болады. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі Б.Қуанышбеков пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Бердиевте құттықтауларын жеткізіп, алғыс хаттармен марапаттады. 
Бүгінгі таңда ауданымыздың ауылшаруашылығы бағытын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар іске асуда. Шаруаларға өз ісін өрлету мақсатында мемлекет тарапынан ұсынылып жатырған бағдарламалар толыққанды жүзеге асуда. Сондай-ақ, басты мәлелелердің бірі суармалы жерді ұлғайту мақсатында да ауқымды шаралар іске асуда. Бүгінгі таңда ауданымызда суармалы жердің көлемі 13 584 га, соның ішінде суғарылған жер көлемі 3152 га, яғни 23 пайызы ғана сумен қамтылған. Су тіршіліктің көзі. Аудандағы жалпы ұзындығы 572 шақырымды құрайтын 111 канал республикалық «Казсушар» мемлекеттік мекемесінің балансына толығымен өткізілген. 2019 жылы республикалық бюджеттен 122 шқ канал бойының ұзындығына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттары дайындалып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған. Қазіргі таңда сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg