1 ЖЕЛТОҚСАН – ЕЛ ТАРИХЫ ҮШІН ЕЛЕУЛІ КҮН

1 ЖЕЛТОҚСАН – ЕЛ ТАРИХЫ ҮШІН ЕЛЕУЛІ КҮН

78289054 1166605373729753 3895844368958881792 o 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке ретінде – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесі белгіленген болатын.
Таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түскен жоқ. 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді.
Халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады.
Сондықтан да елімізде 1 желтоқсан Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесі кеңінен аталып өтіліп келеді.
Осы орайда бүгін аудандық мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды алғы сөзбен ашқан Түлкібас ауданының әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі аз уақыт ішінде әлеуметтік экономикалық жағдайының жоғары деңгейге көтеріліп, халық тұрмысының жақсаруын елбасының көреген саясатының жемісі екендігін және Тұңғыш президентіміздің жолдауларына сүйеніп еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуына аянбай еңбек етуге шақырды.

Елбасымызды ерекше сыйлап, еңбегін ескерген аудан азаматтары Тұңғыш Президент күні - тарихы мен тағылымы терең той деп, жоғары деңгейде атап өтті. Шара барысында ауданымыздың экономикалық әл – ақуалының жақсартып, өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосқан және Арыс қаласын қалпына келтіруге ат салысқан бірқатар азаматтарды мерекеге орай алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, бүгінгі салтанатты жиында көп балалы аналарға күміс және алтын алқаларда табысталды.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, талантты жастар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көпшілікке паш етті.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg