«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

77317103 180878216396073 5321979111315341312 o 2019 жылдың 25 қарашасында Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесуі барысында партияны жаңадан жаңғырту мақсатында жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыруды тапсырған болатын.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 28 қараша күні облыстық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Ө.Шөкеев аудандардағы партия филиалдарынының төрағаларын жинап, актив отырысын өткізген болатын.
Актив отырысында Өмірзақ Естайұлы «Партияны қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасады» – деп, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінде берілген тапсырмалары бойынша жұмыс күшейетінін мәлімдеді.
Бүгін партия жұмысын жандандыру бойынша аудандық филиалдарға жүктеген тапсырмаларды іске асыру жолдарын талқылау мақсатында аудандық партия филиалының белсенділері «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында бас қосты.
Жиынды аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Н.Тұрашбеков ашып, жүргізіп отырды.
Актив отырысында аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаевтың және аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары А.Нұрановтың баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге жарыссөзге шыққан «Nur Otan» партиясының белсендісі С.Таңатбаев пікірін айтып, партияны жаңғырту бағытындағы жұмыстарды қолдайтындығын жеткізді. Жиында сондай-ақ, партия құрамына жаңадан еңген мүшелеріне партиялық билеттер табысталды.
Жиынды қорытындылаған аудандық партия филиалының төрағасы Н.Тұрашбеков, партияны қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды жетілдіру мақсатында бастауыш партия ұйымының төрағаларына біршама тапсырмаларды жүктеп, жиынға қатысушыларды Тұңғыш Президент-күні мерекесімен құттықтады.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg