eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы

eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы

DSC 0025 Түлкібас ауданында ағымдағы жылдың 04 желтоқсан күні «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында аудан әкімдігі және ХҚКО мамандарының ұйымдастыруымен дербес бөлімдердің, ауылдық округ, кент әкімдіктерінің жауапты мамандарын қатыстыра отырып семинар-тренинг өтті. Қазіргі кезде ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға мүмкіндік бар екендігі және мобильді қосымшаны мобильді үкіметте тіркелген Қазақстан Республикасының әр-бір азаматы пайдалана алатындығы айтылды.  

Сонымен қатар, мобильді үкіметте тіркелуге:

1. Электрондық үкімет порталы (ЭҮП);

2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтуге болады.

       eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market (талап етілетін нұсқасы Android - 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы),AppStore-дан (талап етілетін нұсқасы iOS - 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді.

Қосымшада ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялануға болады.

Egov mobile жаңа мобильді қосымшасы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді:

  • eGovmobile қолданыстағы ЭЦҚ-ны 4 таңбалы PIN кодқа және Сіздің құрылғыңыздың кіріктірілген биометриясына (Face ID, Touch ID) бекітуге мүмкіндік береді. ЭЦҚ-ны PIN кодқа және биометрияға бір рет бекітіп, әр авторизациялану және көрсетілетін қызметті алу кезінде Сізге ЭЦҚ таңдауға және пароль енгізуге алаңдамауға мүмкіндік береді.
  • Сондай-ақ, eGov mobile-да ЭЦҚ-ны мобильдік қосымшадан шығару функциясы қолжетімді.

       Қосымшаның басты бетінде пайдаланушы үшін қосымшамен жұмыс істеу жөнінде қысқаша нұсқаулық берілген. Нұсқаулықтар әлеуметтік желілер бойынша пайдаланушыларға таныс тарих түрінде орындалған.

      Сондай-ақ, ұялы телефонда (ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңба болса, азамат мекенжай анықтамасын, жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпаратты, туу және некеге тұру туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты алады. Қосымша арқылы әр азамат өзі туралы барлық ақпаратты табады, керекті анықтамаға тапсырысты бере алады. Бұдан басқа, қосымша көмегімен пайдаланушылар коммуналдық қызметтерді, салықты, айыппұлдарды, баж салығын, байланыс қызметтерін төлей алады және тұрғын-үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарды толтыра алатындығы жайлы ХҚКО мамандары толық мағлұмат беріп, түсіндіріп өтті.

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg