ТҮЛКІБАСТЫҚ 17 ОҚУШЫ ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ТҮЛКІБАСТЫҚ 17 ОҚУШЫ ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

WhatsApp Image 2020 01 13 at 10.49.16 Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымға келіп тіреледі. Бұл орайда пәндік олимпиадалардың білімді ұрпақты тәрбиелеп шығаруға ықпалы зор. Сондай-ақ пәндік олимпиадалар — оқушылардың мектеп пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, дарынды балаларды анықтауға ықпал ететін білімді оқушылардың интеллектуалдық жарысы.
Жылда Қазақстанның әр түпкірінде дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен мектепаралық, аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар өткізіледі.
Биылғы оқу жылында аудан мектептерінің оқушылары өзара бақ сынап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпары анықталып, білім додасына мектептердің, лицей мен гимназиялардың 9-11 сынып оқушылары қатысқан болатын. Аудандық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде 1400 оқушы қатысса, оның ішінде 42 оқушы облыстық олимпиадаға жолдама алған болатын.
2019 жылдың 4-5 қаңтар күндері Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университетінің базасында облыстық пәндік олимпиадасы өтті. Білім сайысына ауданымыздан 42 бала қатысты.


Облыстық пәндік олимпиада қорытындысымен 3 оқушы жүлделі І орынды, 5 оқушы жүлделі ІІ орынды иеленсе, ал, жүлделі ІІІ орынға 6 оқушы қол жеткізді. Сонымен қатар, 3 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, 1 оқушы Қазақ-Британ техникалық Университетінің кез-келген мамандығына 100 пайыздық грантты ұтып алды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg