«2020 жылдан бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері» бойынша оқыту семинары өткізілді

«2020 жылдан бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері» бойынша оқыту семинары өткізілді

WhatsApp Image 2020 01 13 at 16.43.41 2019 жылдың 3 желтоқсан күнгі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында «Ауыл әкімдерін және халықты жұмыспен қамту орталықтары мамандарының 2020 жылдан бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша біліктілігін тестілеуден өткізсін»-деген тапсырма берілген болатын.

Осыған орай, облыс әкімі орынбасарының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 19 желтоқсан күні және ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында «2020 жылдан бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері» бойынша салаға жауапты мамандармен оқыту семинары өткізілді.

Семинарға аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Қаратаев, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Ибраймов пен жауапты мамандар қатысты.

Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев 2020 жылдан бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны қандай отбасылар алады және қандай мөлшерде төленетіндігіне кеңінен тоқталды.
Оқыту семинардың қорытындысы бойынша 15 ауылдық округ, кент әкімдері мен 15 әлеуметтік сала мамандары және орталық мамандары мен асистенттері тестілеуден өтіп, нәтижесінде барлығы жақсы деңгейде жауап берді.

Көпбалалы отбасыларға білу қажет:
1. Төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға олардың табысына қарамай төленетін болады;
2. Отбасының барлық мүшелеріне кедейшілік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының арасындағы айырмашылық ретінде тоқсан сайынғы АӘК тағайындау, бұл жағдайда отбасының жұмысқа жарамды мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы тиіс, егер бас тартқан жағдайда отбасының барлық мүшелеріне тоқтатылатын болады;
3. Мемлекет аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етеді: 0-3 жас аралығында балаларға тамақ жиынтығымен, 1-6 жас аралығындағы балаларға гигиеналық құралдармен, 6-18 жас аралығындағы балаларға канцелярлық тауарлар, мектеп формасы, ыстық тамақ және тасымалдаудан тұрады.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg