Семинар-мәжілістер өтті

Семинар-мәжілістер өтті

WhatsApp Image 2020 01 14 at 11.37.57 Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің басшысы, аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл – Қ.Еркебаев және заң бөлімшесінің бас инспекторы, аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия хатшысы – Ф.Сидиков мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында заң бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Ақбиік, Тастұмсық, Жаскешу, Келтемашат, Балықты, Арыс ауылдық округтері және Састөбе кенті әкімінің аппараттарында семинар-мәжілістер өткізді.
Семинар-мәжілістерде Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, Қылмыстық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінде сыбайлас жемқорлық үшін қатаң жауапкершілік көзделгені, қарамағындағы қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасайтын болса, басшы жұмыстан босатылатыны жөнінде қатаң ескертілді.
Қызмет бабында компьютерлерді ҚР Үкіметінің 20.12.2016 жылғы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес пайдалану және мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерді бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүргізу туралы түсіндірілді.
Қалған округтерде және бөлімдерде түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табады.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg