«Иісті улы газдан уланудан сақ болайық!»

«Иісті улы газдан уланудан сақ болайық!»

WhatsApp Image 2020 01 20 at 07.11.07 Барлық жағдайларда улы газбен улану өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан орын алады.
Газбен уланудың негізгі себептері: пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы мен пеш және түтін шығу орнында ақаудын пайда болуынан, жылыту жүйесіне уақытылы тексеріс жүргізілмеуінен және оған салғырт қарау салдарынан пайда болады.

Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні аудандық үш тілде оқытатын мамандандырылған «Дарын» мекетеп-интернатының оқушылары мен ұстаздар қауымына аудандық өтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Азимбаев, №2 мамандарылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі М.Құрманбаев, аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Н. Есенбеков және «ГазСервисПроект» ЖШС-нің директоры Д.Ильясовтен құралған жұмысшы топ, улы газдан сақтану және алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары тарапынан жиналған қауымға күнделікті тұрмыста орын алып жатқан оқиғалардың статистикалық мәліметі ұсынылып, улы газбен уланудың алдын алу мақсатында дайындалған видео ролик көрсетілді.
Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі жылыту пештері, газ калонкаларын пайдалану мен әр-бір құрылғының жұмыс істеуінен күдік туындаған жағдайда мамандарға тексерту қажеттіліктері айтылып, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары түсіндірілді.

Жиын соңында улы газдан уланудың алдын алу бойынша қойылған сұрақтарға сала мамандары тарапынан толыққанды жауаптар беріліп, 150 дана ескертпе парақшалары таратылды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg