Жылдың үздік мұғалімі

Жылдың үздік мұғалімі

WhatsApp Image 2020 01 21 at 16.23.43 Түлкібас ауданындағы М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Елена Котова облыс бойынша жылдың үздік мұғалімі атанды. Аталмыш мектепте жиырма жылдан бері ұстаз болып жұмыс істейтін Елена Викторовна бұл жетістікке білімді шәкірттерімен бірге жеткенін айтады. Жаны ізгілікке толы Е.Котова кезінде Шымкенттегі М.Әуезов атындағы педагогикалық институттың химия-биология факультетін бітірді. Қолына диплом алған соң өзі оқыған Т.Рысқұлов ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназияға мұғалім болып орналасады.

– Балалармен жұмыс істеу, мұғалім болу маған бала күнімнен ұнайтын. Мықты мұғалім болу кез келгеннің қолынан келмейді. Келсе елдің бәрі мықты мұғалім болар еді ғой... Мұғалім де шығармашылық адамы сияқты бола білу керек. Шабыттанып жұмыс істемей жоғары нәтижелерге қол жеткізе алмайсыз. Өзім оқытып, баптаған шәкірттерім олимпиадалардан орын алып, грантқа түсіп жатса, жалпы қандай да бір жақсы нәтижелерге қол жеткізсе, ерекше шаттанып, шабыттанамын. Шаршағанымды ұмытып, ізденістерімді жалғастыра түсемін. Қазіргі кезде ұстаздардың шығармашылық еңбектерімен толыққанды айналысуына, ізденістерге баруына еш кедергі жоқ. Жақында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі» туралы заңға қол қойып, күллі әріптестеріміздің мерейін асырды. Енді ұстаздар қауымының алдында білім сапасы мен бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімдер аянбай қызмет ететініне сенемін, – дейді үздік ұстаз.

Елена жоғары санатты, шебер педагог, сондай-ақ, кәсіби бағдардың маманы, яғни жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауларына көмектеседі.

– Ұстазға тән бітім-болмысын, шәкірттерге білім мен тәрбие берудегі ұстанымдарын, әдістерін жас мұғалімдерге көп үлгі етеміз. Педагогтың жеткен жетістігі қашан да мектеп үшін үлкен абырой. Елімізде мұғалімдердің ізденуіне, мол тәжірибе жинауға көптеген мүмкіндіктер бар. Бұрындары қала мен ауыл мектептерінің айырмашылығы жер мен көктей болатын. Қазіргі кезде бұл түсінік ескірді. Бүгінде бірінші кезекте ұстаздардың білікті болуы маңызды бола түсті. Мектеп ұжымы Еленадай әріптесімен мақтанады, – дейді М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназияның директоры Сапарғали Оспанбеков.

Тәжірибелі ұстаздың авторлық еңбектері өзге мектептерге әдістемелік құрал ретінде таратылған. Былтырғы оқу жылында жеткен жетістіктерінің өзі бір төбе. Атап айтар болсақ, 2018-2019 оқу жылдарында «Химия в жизни человека» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы, «Мың бала», «Критическое мышление и его развитие» олимпиадаларына және өзге де ғылыми, авторлық жобаларға ұсынған еңбектері республикада жоғары бағаланып, І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған. Елена Викторовна ауданда да мерейлі марапаттарды иемденіп, шоқтығы биік ұстаз ретінде құрметтеледі. Әлбетте, мұғалім еңбегінің жемісі – талапты шәкірттері болмақ. 2017-2018 оқу жылында 10 шәкірті халықаралық конкурстар мен олимпиадаларда І, ІІ дәрежелі дипломдарды иемденді. Ал, 2018-2019 оқу жылдарында Джураев Даниер, Абилдахан Аружан, Мұстафа Халил, Кириченко Елена сынды шәкірттері химия пәні бойынша республикалық, облыстық олимпиадаларда топ жарды. Әрине, бұл жетістіктерге тоқмейілсіп, «болдым-толдым» деп отырған Елена Викторовна жоқ. Ізденіп, тер төгіп еңбек етуден жалықпайтынын, қайта одан жаны ләззат табатынын айтады. Ұстазға шәкіртінің өзінен оза шапқанынан артық бақыт жоқ. Үздік ұстаз отбасында екі ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан 3 немере сүйіп отырған бақытты әже.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg