ЕРІКТІ ӘЖЕЛЕР ЕЛГЕ ҮЛГІ

ЕРІКТІ ӘЖЕЛЕР ЕЛГЕ ҮЛГІ

WhatsApp Image 2020 01 27 at 11.39.35 Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев,
- «Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз. Сондықтан алдағы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет» - дей келе, 2020 жыл Қазақстанда «Еріктілер» жылы деп жариялады. Осы игі шарадан ауданымызда шет қалып жатқан жоқ. 2016 жылы құрылған "Замир" қоғамдық бірлестігінің "Айнұрлы" әжелер еріктілер тобы соңғы бірнеше жылда ауданның қоғамдық өмірінде өте белсенді. Аталған еріктілер клубының құрылғандағы мақсаты - келер ұрпаққа салт-дәстүрді үйрету, ұлттық қолөнерді келесі ұрпаққа қалдыру болатын. Ерікті әжелеріміз әртүрлі экологиялық іс-шараларды ұйымдастырып, сонымен қатар ауданымызда жылда өтетін Шұбайқызыл шоқысындағы қызғалдақ фестиваліне, Ақсу-Жабағылы қорығының "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциасына және «Таза- Қазақстан» Республикалық сенбіліктерінде өз белсенділіктерін көрсетіп жүр.
"Айнұрлы" әжелер клубы мүшелері ауданымызда «Қауымдастыққа негізделген туризм» жобасын іске асырып, ауданымызға келген шет елдік қонақтарға салт-дәстүрлерімізді көрсетіп, туризмінің дамуына да үлес қосуда.
Ақ жаулықты әжелеріміздің айтуынша биылғы Мемлекет басшысының бастамасы тобымызға күш-жігер беріп, қатарымызда ерікті әжелердің санының артуына зор ықпалы етуде.
Шарафкент ауылының әжелері осындай жастарымызға үлгі болатын игі істерді атқаруда.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg