2019 жылдың қорытындысы бойынша Түлкібас ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы

2019 жылдың қорытындысы бойынша Түлкібас ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы

11111111111111111111111     Қасиетті Түркістан облысының шығыс қақпасында орын тепкен 90 жылдан аса тарихы бар Түлкібас өңірі жылдан-жылға өрлеп, даму үстінде. Өткен жылы бірлік пен татулықтың, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дұрыс таңдаған стратегиясының арқасында және Елбасымыздың бастаған ісін жалғастырушы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді өркендету мақсатындағы дәстүрлі халыққа Жолдаулары мен Үндеулерін іске асыру жолдында Түлкібас ауданы келесі жетістіктерге қол жеткізді.

    

 Жалпы өңірлік өнім

2019 жылдың қорытындысымен 73 022,1  млн. теңгені құрап 103,2 пайызға өсті, жан басына шаққанда 649,7  мың теңгені құрады.

Бюджет

      2019 жылдың қорытындысымен аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 24 267,0 млн. теңге болса, орындалғаны 24 349,1 млн. теңге немесе 100,3 пайыз, оның ішінде трансферттер 21 444,4 млн. теңге.

 Жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 2822,6 млн. теңге болса, орындалғаны 2904,7 млн. теңге немесе 102,9 пайыз. Өзіндік кірістер жан басына шаққанда              25,1 мың теңгені құрап отыр.

Ауылдық округ, кент әкімдіктерінің бюджет кіріс жоспары 262,5 млн. теңге, орындалғаны 301,6 млн. теңге немесе 114,9 пайыз.

       Аудан бюджетінің шығыстары 24 396,7 млн.теңге жоспарланып,               24 285,0 млн. теңге игерілді, немесе жоспар 99,5 пайызға орындалды.

 

Инвестиция

Ауданға тартылған инвестициялар көлемі 2019 жылдың                                             қорытындысымен  20 044,3  млн.  теңгені  немесе өткен  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  100,5 пайызға өсіп,  оның  ішінде 5 228,8 млн.  теңгесі  республикалық  бюджет,  3 560,4 млн.  теңгесі  жергілікті  бюджет,  9 800,8 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың  өз  қаржысы, 1 454,3млн.  теңгесі  қарыз  инвестиция  есебінен   тартылды.

 

Өнеркәсіп

Ауданның  әлеуметтік – экономикалық  дамуын  арттыру  мақсатында       2019  жылдың  қорытындысы  бойынша  ауданда  1  ірі, 3  орта, 24  кіші  және                4 қосалқы  барлығы  32  кәсіпорын  жұмыс  атқаруда,  оның  ішінде  белсенді  жұмыс атқаратыны-  22, мезгілді  жұмыс  атқаратыны – 10.

Нәтижесінде  13 411,3  млн. теңгенің  өнімі  өндіріліп, нақты көлем  индексі    96,8 пайызды  құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымы жыл қорытындысымен 8 330,2 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2% құрады.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7 490 бірлік . Оның ішінде 7 265 белсенді субъектілер. Оларда 17 250 адам жұмыспен қамтылған. Шағын орта бизнес субъектілерінің шығарған өнім көлемі 22,1 млрд. теңгені құрады (102%).

Түлкібас ауданы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілен 807 жоба 1 612,0 млн. теңгеге қаржыландырылды, оның ішінде: "Ырыс" микро қаржы ұйымы ЖШС 28 жоба, 177,5 млн. теңгеге, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ 114 жоба 388,5 млн. теңгеге, "Түлкібас несие серіктестігі" ЖШС 90 жоба 537,5 млн. теңгеге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 27 жоба 204,7 млн. теңгеге, Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры 8 жоба, 34,9 млн. теңгеге және 540 жоба 268,9 млн. теңгеге қайтарымсыз грантқа ие болды.

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында                       10 жоба 408,3 млн. теңге көлемінде «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-ы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылды.

Туризм саласы.

2019 жылдың қорытындысымен ауданға 17067 турист келген. Оның ішінде 1 215 шет ел азаматтары. Ауданда көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген туристерге ауданды таныстыру мақсатында туристік маршруттар құрылды.

        Өткен жылы аудан аумағынандағы «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» жол бойынан «Жол бойы қызмет көрсету» жобасы іске асса, аудан орталығы Қарағашты ауылынан этно ауыл жобасының құрылысы жүруде. Олар:

        - «Құрылыс»  ЖШС 2016 жылы аудан аумағына шығыс қақпадан кіре берісте жол бойы қызмет көрсету орталығының құрылыс жұмыстарын бастап, 2019 жылдың сәуір айында іске қосылды. Жоба жол бойы жолаушыларына және туристерге заманауи қонақ үй, авто тұрақ, асхана, кафе және жанар-жағармай құю бекеті қызметтерімен қамтылған.

        Жеке кәсіпкер «Утегенова К» «Etno Park Resort» этно ауыл жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жоба 4 қабатты қонақ үй (32 төсек орын, 12 бөлме) және 5 киіз үй жылы еденімен қамтылған, бассейн, сақ моншасы, шатыр(беседка), туристерге қызмет көрсету көлігі жағдайларымен қамтамасыз етілген. Туристерді қабылдау, гид аудармашы, конференц зал, облыстық және ауданның туристік маршрутына енген нысандарға экскурсиялық саяхат қызметтері жоспарланған. Жаңадан 15 адамға жұмыс орны қаралған. Жоспар бойынша күніне 30 туристке дейін, жылына 1000 туристке қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Жобаның іске асу мерзімі 2020 жыл.

Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2019 жылдың                      қорытындысымен 38 млрд  051 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,0 пайызды құрады. Оның ішінде егін шаруашылығы – 17 млрд  728 млн тг, яғни 107,0 %, мал шаруашылығы – 20 млрд  280 млн тг, яғни 101,8%. 

63 401 гектар жерге төмендегідей  дақылдар егілді:  дәнді дақылдар- 25 600  га, майлы дақылдар 12 400 га,  көкөніс - 1500 га, картоп – 1 000 гектарды   құрады. Соңғы жылдары ауданда мал шаруашылығын дамыту мақсатында егістікті әр тараптандыруға үлкен көңіл бөлінуде, нәтижесінде мал азықтық жоңышқа көлемі  22 901  га жетті.

Ауылшаруашылық өнімін ұлғайтудың көрсеткіштерінің бірі суармалы жерлер.

2019 жылы ауданымызда 1115 га суармалы жерді ұлғайтуға жобалық сметалық құжаттары дайындалынып, республикалық бюджетке  қаржыландыруға ұсынылды. Жобаның құны – 381 млн теңге. Қазіргі таңда сатып алу конкурстары жүргізілуде. 2019 жылға 50 млн теңге қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстары атқарылуда.  

Өткен жылы суармалы жерлерді дамыту мақсатында «Казсушар» мекемесі арқылы  58 млн теңге  бөлініп, жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын 7 су нысандарына механикалық тазалаудан өтті.

Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында «Құли», «Көктем» бес су нысандарының құрылыс жобасы бойынша 50 млн.тг қаржыландырылып игерілді. Нысан 2020 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар есебінен суармалы жерлерді дамыту мақсатында блыстық бюджеттен  81 млн теңге  бөлініп, Ораз және  Жаманжар каналдары тазаланып, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

2019 жылы аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен Машат, Келтемашат және Арыс ауылдық округтерінің аумағындағы  жалпы ұзындығы - 43,2 шақырымды құрайтын 8 су нысандарының бойына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп,  2 дана бас су құрылымы салынды. Нәтижесінде 1007 гектар ауылшаруашылығы бағытындағы жерлер ағынды сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Демеушілер есебінен бұл бағыттағы жұмыстар 2020 жылы жалғасын табады.

Түлкібас ауданы таулы аймақта орналасқандықтан тек қана бау-бақша егуге қолайлы емес, сонымен қатар мал шаруашылығын дамытуға да қолайлы аймақ болып саналады. 

Мал шаруашылығын дамыту  бойынша   2019  жылы облыстан берілген 29 бірлік жоспардың орнына  35  бірлік мал бордақылау алаңдары   жаңадан ашылды, яғни жоспар 120,7 % орындалды.   2019  жылы барлығы  28 бірлік шағын жанұялық сүт фермалары ашылып, жоспар 127,3% орындалды. 

2019  жылы  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспарланған 260 бас  аналықтың орнына  336 бас аналық  алынып, жоспар  129,2% артығымен  орындалды.  Жылқы шаруашылығын дамытуға «Құлан» бағдарламасы бойынша  109 аналық бас алу жоспарланып, бүгінгі таңға 132 бас, яғни 121,1% -ға  артығымен орындалды.  Ал,  «Алтын асық» бағдарламасы бойынша сатып алынған  уақ мал   1430 басқа жеткізіліп, жоспар  100 % -ға орындалды.

        Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына орай, ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында Түлкібас ауданынан жалпы сомасы 6094,0 млн тенге құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынды.  Оның ішінде; 50 бастық жанұялық сүт фермаларын салу 4 жоба, 50 бастық жанұялық ешкі фермаларын ашу -1жоба,  саумалы бие шаруашылығын дамыту -14 жоба, сүт өңдеу обьектілерін құру - 1 жоба,  құс немесе күркетауық етін өндіретін обьектілер құру  -1 жоба,  мал бордақылау алаңдарын салу – 3 жоба ,  көлдік-тауарлы балық шаруашылығын дамыту - 2 жоба, қарқынды алма бағын отырғызу - 2 жоба және пленка астында 2-3 өнім алу -5 жоба.

       Бүгінгі күнге 30 жоба іске асырылды. Оның ішінде 7-жоба өз қаражаты есебінен, 23-жоба қаржы институттары арқылы несиелендірілді.

 

Білім саласына   Ауданда бүгінгі таңда жалпы мектептер саны – 61, оның ішінде 46-жалпы орта мектептер, 5-негізгі орта мектептер, 9-бастауыш мектептер, 1-үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты. Үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. Жалпы білім ошақтарында 22787 оқушы білім алуда. 2019  жылдың қорытындысымен мектепке дейінгі 15 мемлекеттік,                       33 жекеменшік әріптестік шеңберіндегі балабақшада және 24 мектеп жанындағы шағын орталықта барлығы 6505 бала тәрбиеленуде. Балаларды қамту көрсеткіші 100,0% құрады.

Өткен жылы ұлттық бірыңғай тестке 907 оқушы қатысты. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 84 пайызын құрады, облыс бойынша 1–ші көрсеткішті құрап отыр.   

Ауданда халық санының өсуне және білім алуға жоғары жағдай жасау мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, Азаттық ауылынан 600 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілсе, аудан орталығындағы А.Пушкин атындағы мектеп ғимараты қайта құрылымдаудан өтіп, қосымша 250 оқушыға арналған ғимарат құрылысы, П.Шевцов атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Сеславино ауылындағы Сеславино мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылыстары іске асуда.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Абайыл ауылындағы Н.Қасымбеков атындағы шағын жинақты бастауыш мектебіне жаңа 100 оқушыға арналған мектеп құрылысы, «Дауан», З.Ғұбайдуллин, Г.Титов атындағы жалпы орта мектептерге қосымша 150 орындық оқу корпустарының құрылысы, «Жаскешу» және «Бахыбек» елді мекендеріне 300 орындық жаңа мектептердің құрылысы және Н.Тұрсынбеков атындағы негізгі мектепке 150 орындық жаңа мектеп құрылысы мен «Жанұзақ» ауылында жаңа 75 орындық мектеп пен аудандық балалар өнер мектептері құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынып, облыстық салалық басқармаларға ұсынылды.

         Денсаулық  сақтау саласы  

       2019 жылдың  қорытындысымен  ауданда 2363 бала туылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58 балаға артқан.

       Елді мекендер тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында 2019 жылы Көкбұлақ, Шарафкент, Еңбекші елді мекендерінде модульдік медициналық тіректеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. 2020 жылға модульдік медициналық тірек Абайл, Қызылбастау, Ирсу, Пистелі, Жанұзак, Қызылбастау Бақыбек елді мекендерінде соғу жоспарлануда.

       Сонымен қатар, 2019 жылы аудан орталығындағы ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары облыстық бюджет есебінен  бастау алды. Нысанның жөндеу жұмыстары 2020 жылға өтпелі. Машат елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория ғимараты мен Т.Рысқұлов елді мекеніндегі ескі жедел жәрдем ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 2020 жылға қаржы қарастырылған.

        Құрылыс саласында

      2019 жылдың қорытындысымен құрылыс жұмыстарының  көлемі                   11 942,3 (11 млрд. 942,3 млн. тг) млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады.

     2019 жылдың қорытындысымен 33 424 ш.м тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,8 пайызды құрады.

    2019 жылы жалпы 19 нысанның құрылысы жоспарланған.  Оның ішінде: Тұрғын үй саласы – 7  нысан; Инженерлік инфрақұрылым саласы – 2 нысан; Білім саласы – 8 нысан ; Әкімшілік саласы – 2 нысан;

        2019 жылдың аяғында аудан бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 256 жанұяға жаңа пәтер кілттері табысталды. Атап айтқанда: Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылындағы Пушкин-Бағыспаев көшелерінің қиылысынан 2019 жылдың қаңтар айында 32 пәтерлік екі үй және жыл соңында 64 пәтерлік көпқабатты үш тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.  

        Сондай-ақ, осы бағытта 2020 жылдың бірінші жарты жылдығына аудан орталығы Пушкин-Бағыспаев көшелерінің қиылысынан 1-64 пәтерлік, 1-24 пәтерлік және 1-32 пәтерлік көп қабатты үйлер және Састөбе кентінің орталығынан 1-64 пәтерлік көп қабатты үй ел игілігіне пайдалануға берілмек.

          Ауыз су саласы

      Аудандағы 62 елді мекеннің 59 елді мекені 99,5% орталықтандырылған     ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Су құбырымен қамтылған 59 елді мекеннің 58 елді мекенінде тәулігіне 24 сағат, 1 елді мекеніне (Машат  ауылында) ауыз су кестемен берілуде.

       2019 жылы ауданның Құлан, Жаңаталап, Машат, Абайыл, Қарағашты, Т.Рысқұлов, Көктерек ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу, су көздерінің химиялық және бактериологиялық жұмыстары жүргізілуіне 45,6 млн. теңгеге бөлініп, толығымен игерілді.

      Ауданымыздың Састөбе,Түлкібас,Бақыбек елді мекендерінің кәріздік сорғы станциясы және кәріздік суларды тазалау құрылысына 300,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Автожол саласы

2019 жылы аудандағы «Дауан-Бақыбек», «Керейт-Мақталы», «РЗД-115», «Қызылбастау-Машат», «Машат-Мыңбай бағытындағы автомобиль жолдарына республикалық бюджеттен 1 058,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қаржы толығымен игерілді. 

Сондай-ақ, Қызылбастау, Машат, Т.Рысқұлов елді мекендерінің көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 94,9 млн. теңге (тоқсан төрт млн. тоғыз жүз мың. тг) бөлініп, толығымен игерілсе, Састөбе, Майтөбе, Түлкібас, Т.Рысқұлов, Шұқырбұлақ, Ирсу  елді мекендеріндегі ішкі  көшелерін орташа жөндеу және аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 454,2 млн. теңге ( төр жүз елу төрт млн. екі жүз мың тг.)  бөлініп, толығымен игерілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Састөбе, Майтөбе, Түлкібас, Т.Рысқұлов, Таусағыз  елді мекендерінің ұзындығы 9,0 шақырым құрайтын көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 103,4 млн. теңге (жүз үш млн. төрт жүз мың тг.) бөлініп, 103,2 млн. теңгесі (жүз үш млн. екі жүз мың тг.) игерілді.

Жалпы аудан көлемінде аудандық және ауылдық елді мекендердің ішкі көшелеріннің 65,74 шақырым жолдары, күрделі және орташа жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағтты жағдайдағы үлесі 57,3%-тен 70,5%-ға, елді мекен көшелерінің үлесі 67,8%-ден 80,1%-ға жақсарды.

       Электр энергиясы бойынша

       Аудан  электр энергиясымен 100 пайыз қамтылған. 2019 жылы Түлкібас ауданында электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округіне қарасты Абай, Сейфуллин көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнату құрылысы жұмыстары мен  Азаттық ауылы Интернациональная, Эралиев көшелері мен жаңа құрылыс көшесі №7,7а,7б,9-12 бағытындағы үйлерге электр желісін тарту және трансформатор орнату  құрылысының жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілуде. Нысандар 2020 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен ауданға қарасты Амангелді, Пістелі, Мақталы, Түлкібас, Жаскешу, Рысқұл, Шақпақ-баба, Кершетас елді мекендерінің ішкі көшелерін жарықтандыру жұмыстарына 36,1 млн. теңге (отыз алты млн. жүз мың тг.)бөлініп, толығымен игерілді. Нәтижесінде 11,5 шақырым көше бойы жарықтандырылды.

Табиғи газ бойынша

      Аудан елді мекендері бүгінгі күнге 98% табиғи газбен қамтамасыз етілген.   Ауданда халық саны өсу себебінен елді мекендерде газдандырылмаған жаңа көшелер ашылуына байланысты газ жүргізу жұмыстары жалғасуда.

       2019 жылы Түлкібас ауданына қарасты Азаттық ауылындағы Жаңақұрылыс 15-22, Жаңақұрылыс-27 және А.Байысбаев көшелері және Қабанбай ауылындағы Жаңа құрылыс 1, 2 көшелерін табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары облыстық бюджет есебінен  115,8 млн. теңге ( жүз он бес млн. сегіз жүз мың тг.) іске асып, бүгінгі таңда нысан пайдалануға берілді.

 

Абаттандыру бойынша.

Аудандық бюджеттен аудандағы Батыс Европа – Батыс Қытай автомагистралының аймағын, Түлкібас, Майтөбе, Састөбе, Т.Рысқұлов ішкі көшелерін көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 198,0 млн. теңге( жүз тоқсан сегіз млн. тг) бөлініп, толығымен игерілді.

Атап айтсақ,  тоғыз жолдың торабы ұлы «Түркісіб» теміржолының бойында орналасқан Түлкібас кентінде «Рәміздер аллеясы» бой көтеріп, аумағы абаттандырылса,  аналарға сый-құрмет пен айрықша ықыластын нысаны ретінде  «Аналар саябағы» бой көтеруде.  Саябақ аумағында балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут бой көтеріп, таза ауада серуендеуге барлық жағдайлар жасалынбақ. 

Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыстар Састөбе кенті мен Майтөбе елді мекендерінде іске асуда. Састөбе кентінің орталығында «Жастар гүлзарының» құрылысы, ал Майтөбе ауылының кіре-берісінде елдімекен атауы жазылған жаңа стелла бой көтеруде. Бұл жерлерде серуендеуші ауыл тұрғындарына демалу үшін орындықтар және аяқжолдар түспек. 

 

Әлеуметтік саласына келетін болсақ 2019 жылдың  қорытындысымен  аудан халықының саны 112 385  адам құрап отыр. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша, аудан көлемінде  2019 жылы 1436 жаңа жұмыс орындары ашылады. Мекемелерден түскен  бос жұмыс орындары мен ашылған жаңа жұмыс орындарына барлығы 2575 адамның жұмысқа орналасуы жоспарланып, 2019 жылдың 12 айында 3026 азамат жолданды. 

Аудан бойынша жылдың қорытындысымен экономикалық белсенді  халық саны 56,1 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандар 53,2 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады.

Атаулы әлеуметтік көмек 4018 отбасыға 2,2 млрд. теңге тағайындалып,                  төленді. АӘК алушылардың ішінде жеке қосалқы шаруашылығын іске асыруға 2034 отбасы мал шаруашылығына, 228 отбасы құс шаруашылығын көбейтуге, 314 отбасы тұрмыстық техника алуға және басқалар   666 отбасы. АӘК алушы отбасының  1904 азаматы жұмыспен қамту шараларына қатысып, оның  1766 азаматы тұрақты жұмыспен қамтылып, 138 азамат өз ісін ашты.

АӘК алушы 3274 отбасыға қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінен 986 отбасыға АӘК тоқтатылып бюджетке 114,7 млн. теңгесін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қайтарымсыз грант алғандар саны 540 азаматты құрады.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспары» бойынша  2019 жылдың 31 желтоқсанына 5401 азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді (оның ішінде, 170 азамат ТжКБ бар кадрларды даярлауға жолданған ).

       Оның ішінде жұмыссыздар саны - 1760 азамат, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны - 2121, 1350-і  жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар қатарынан. 361-і аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан азаматтарды, 2007-і жастарды, 206-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құрады.

 Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде:

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау курстарына                  348 азаматтар оқуға жолданып, оның ішінде 340 азамат толық оқуын аяқтап,                  217 немесе 62,3 пайызы жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде:

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2019 жылға Бастау-Бизнес бағдарламасы шеңберінде 361 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, сертификаттар алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 540 азаматқа 268,9 млн. теңге шағын несие берілді. (оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар – 269, мүмкіндігі шектеулі азаматтар - 36).

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша:

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 174 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіп, 34,4 млн. теңгесі игерілді. Жастар практикасы бойынша 333 азамат жастар практикасымен жіберіліп, 79,0 млн. теңгесі игерілді.

Қоғамдық жұмыстарға 400 адам жіберіліп, 48,0 млн. теңге қаржы толығымен игерілді.

Ішкі саясат саласы

2019 жылы Түлкібас ауданында барлық салалармен қатар, руханият саласында да ауқымды жұмыстар іске асты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында аудан әкімінің орынбасарларынан құралған 5 топ және ауылдық округ, кенттерде 15 топ аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қоғамда жастардың алатын орны әрқашанда ерекше. Осыны ескерген Елбасымыз 2019 жылды «Жастар» жылы деп, еліміздің әрбір жасына серпін беретіндей реформаларды қабылдап, жан-жақты қолдауларды күшейткені баршаңызға мәлім. Осы бағытта өткен жылы ауданымзда ауыз толтырып айтатындай шаралар іске асты.

Жастар жылының ауданда ашылуы 2019 жылдың ақпан айында «Жастар жалыны» атты облыстық жастар форумымен бастау алды. Форумда көтерілген әр бір мәселе назардан тыс қалған жоқ. Сол форумында ауданның белсенді жастарының көтерген басты мәселелерінің бірі аудан орталығындағы «Тұңғыш Президен» саябағынан «Жастар аллеясын» ашу болатын. Жастардың бұл ұсынысы аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың қолдауымен іске асты. Аудан орталығынан «Жастар аллеясы» бой көтерді.

Сондай-ақ жастар жылына орай, Майтөбе ауылында орналасқан саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында кіре беріс аркасы қайта жаңартылды. Саябаққа жастар жылына орай «Жастар саябағы» деген атау берілді. Жастар жылы «Тәуелсіздік-Тұғырым» атты жастар форумымен қорытындыланып, аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан жастарына тарту ретінде «Түлкібас жастары» атты 500 дана кітап жарық көрді.

Сонымен қатар, 2019 жылы аудандық «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетінің баспаханасында алғашқы кітаптар басылып шықты. Ол осы редакцияда талай жылдан бері қаламы мен қағазын тастамай әдемі әңгімелермен қатар мағыналы мақалалар жазып жүрген журналист, жазушы Орынтай Көмековтың «Енді гүлге жоламаспын» атты алғашқы шығармалар жинағы мен ауданымыздың «Бас ақыны» аталып кеткен ақын, Әбдібек Аралбайұлының «Ізде мені» атты өлендер жинағы жарық көріп, оқырмандарға жол тартты. Газеттің баспаханасы арқылы бүгінгі таңда аудандық «Машат» еркін апталық газеті және Шымкент қаласының «Жан дүние» республикалық қоғамдық-саяси газеттері басылып шығарылуда.

2019 жылдың желтоқсан айында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен ауданымыздың әр түрлі саласында қызмет еткен 60-тан астам ардагерлер мен батыр аналар Түркістан облысының киелі орындарын аралап, зиярат етті.

Мәдениет саласын дамыту мақсатында аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің ұйымдастыруымен аудан өнерпаздары жыл басынан бері бұқара халық арасында 2821  іс-шара өткізді.

2019 жыл ауданымызда облыстық деңгейде айтулы іс-шаралармен есте қалды. Атап айтар болсақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында ежелден келе жатқан салт дәстүрімізді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында «Салбурын мереке ғой саятшыға» бірлескен  облыстық этномәдени іс-шарасы Ақсу-Жабағылы қорығының бөктерінде жоғарғы деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты саятшылық, салт-дәстүр өнерін насихаттау.

Ұлы Наурыз мерекесіне орай аудандық, орталық саябақта  «Наурыз думан» атты аудан көлемінде мәдени көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық «Тұңғыш Президент» саябағында өткен мерекелік шарада ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Шара барысында бес мыңға жуық аудан тұрғындарына «Наурыз көже» тағамы дайындалып, бұхара халыққа ұсынылды.

Сәуір айында облыс әкімінің орынбасары, Қазақсатанға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында облыстық «Ақсу Жабағылы алауы - Шұбайқызыл жалауы» атты қызғалдақ фестивалі жоғарғы деңгейде аталып өтті. Іс-шараның мақсаты Оңтүстік өлкесінің, оның ішінде Түлкібас аймағының таңғажайып табиғаты, қазақ қызғалдақтарының орналасқан аумағын қорғау, қалпына келтіру сондай-ақ жастарды елін, жерін сүйуге тәрбиелеуге ұлықтау болды.

Сондай-ақ, өткел жылдың сәуір айында  халық арасында көркем әдебиетті насихаттау, болашақ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мен дарынды жастардың шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында облыстық «Таупістелі тағылымы-2019: Шерхан мен Насыр бауында» атты басқосу өтті. Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларынан және облыс орталығы мен аудандарынан зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар қатысты.

2019 жылдың қазан айында көрнекті қоғам және саяси қайраткер Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай ата қонысы Түлкібас ауданында «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға» атты салтанатты шара өтті. Өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мен қарымды қаламгерлер бас қосқан шара барысында келген қонақтар ұлы тұлғаның есімімен байланысты аудан аумағындағы тарихи нысандарды аралап, ескерткішіне тағзым етті.  

Сондай-ақ, мерекелік шара барысында есімі елімізге танымал ғалым, жерлесіміз, Ұлы ақын Абай Құнанбаевты, жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлын бай мұрасын терең зерттеген Мекемтас Мырзахметұлына торқалы тоқсан жастан асқан уақытында туған жері Майтөбе ауылынан демеушілер есебінен шығармашылық үй жерлестерінің атынан тарту етілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алғабас, Елтай, Рысқұл, Көкбұлақ, Жанұзақ ауылдық клубтары күрделі жөндеуден өтіп, Састөбе кенттік мәдениет үйінің ауласы толығымен аббаттандырылды.

Спорт саласына 2019 жылдың қорытындысымен салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданда 242 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 34298 адам қатыстырылды. Оның ішінде 56-облыстық деңгейде, 183-аудандық деңгейде, 3 республикалық деңгейде.

Аудан спортшылары облыс чемпионаттары, республикалық және халықаралық турнирлерде топ жарып келеді.

Жарыс атауы І-орын ІІ-орын ІІІ-орын
1 Түркістан облысының чемпионаты 13 14 19
2 Қазақстан Республикасының чемпионаты 3 8 3
3 Облыстық турнирлер 75 91 125
4 Республикалық турнирлер 45 78 109
5 Халықаралық турнирлер 8 5 21
6 Әлем, Азия чемпионаттыры 3    
  Барлығы 147 196 277

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев  Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 % жеткізу керектігі айтылған болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 30% жетіп, тапсырма 100 пайызға орындалып отыр. Яғни, 33 705 адам тұрақты спортпен шұғылдануда.

Ауданда 4 аудандық спорт мектептері, 1 облыстық және мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында «Жас талап» және «Ер Жәнібек» спорт клубтары халыққа қызмет көрсетеді. Осы аталған 7 спорт мекемелерінде 3346 оқушы спорттың 17 түрінен 14 ауылдық округтерде қамтылған.

2019 жылы ауданда спорттық нысандар қатары жаңа нысандармен толығып, ескі ғимараттар жөндеуден өтті. Атап айтсақ, Састөбе кентінен спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген су жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. 454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде соғылған спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен бір мезетте 240 оқушы айналысуға мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, аудан орталығындағы Жанкент мөлтек ауданынан жазғы футбол алаңы мен стритворкаут аланшасы бой көтеріп, күрес залы күрделі жөндеуден өтті.  

Қоғамдық қауіпсіздік

2019 жылдың қорытындысымен аудан көлемінде барлық бағыт  бойынша 298 құқық бұзушылық қылмыстар тіркелген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 53 құқық бұзушылық қылмысқа немесе 15,1 пайызға кеміген. Барлық қылмыстың ашылуы 76,8 пайызды құрады.

2019 жылы халық көп шоғырланған аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында  орталық Т.Рысқұлов көшесіне соңғы үлгідегі 24 дана «Сұңқар» бейнебақылау камералары орнатылып, жаяу жүргіншілердің ыңғайлылығына арналған ақылды 4 бағдаршамдар орнатылды.

 

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg