«ЕРЛІКТЕРІ – ЕЛ ЕСІНДЕ»

«ЕРЛІКТЕРІ – ЕЛ ЕСІНДЕ»

WhatsApp Image 2020 02 13 at 11.49.31 Талай шаңырақты шайқалтып, мыңдаған адамды қыршынынан қиған, Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл - 31 жыл.
Осыған орай, бүгін аудан орталығындағы соғыс ардагерлер аллеясында ауған соғысы ардагерлері, аналары мен олардың жесірлеріне құрмет көрсетілді. Ерліктерін ескеріп, мемлекет тарапынан әрқайсысының отбасына бір реттік қаржылай материалдық көмек берілді. Жауынгер-интернационалистердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Зұлмат соғыста бақилық болғандар 1 минуттік үнсіздікпен еске алынып, құран бағышталды. Адамзат баласы үшін соғыс қаралы ұғым. Өйткені, қасіреті мен тауқыметі аяққа нық тұрған елдердің өзін есеңгіретіп жібереді. 10 жыл 238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі сұрапыл соғысқа, Түлкібас ауданынан 72 жауынгер аттанып, 10 азамат құпия соғыста мәңгілікке көз жұмды. 15 ақпан кеңес әскерінің ұрыс даласынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай әр жауынгердің отбасына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайтын материалдық көмек берілді.


Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек және Ауған соғысының ардагері В.Корабейников сөз сөйлеп, кейінгі ұрпаққа бүгінгі шараның бар маңыздылығын айтып өтті.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg