ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ХАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНАТЫН МЕКЕМЕ КІРЕБЕРІСТЕРІНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ӨТКЕЛДЕРІ ҚОЙЫЛУДА!

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ХАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНАТЫН МЕКЕМЕ КІРЕБЕРІСТЕРІНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ӨТКЕЛДЕРІ ҚОЙЫЛУДА!

Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы мамандар залалсыздандыру өткелін істеп шығарды. Бүгінде жаңа құрылғы сынақтан өтіп, сала мамандарының қолдауына ие болды.
WhatsApp Image 2020 04 06 at 09.24.54 Коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру өткелдері аудан орталығындағы ҚазПошта мен Халық банкі және Халықтық кеңсе ғимараттарының алдына аудан тұрғындары мен сол мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың қауіпсіздігі үшін орналастырылды.
Алдағы уақытта жаңа құрылғы аудан орталығындағы халық шоғырланатын мекеме алдарына және Шақпақ бекетіне қойылу жоспарлануда.
Құрылғы туралы қысқаша сипаттап өтейік. Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған құрылғы. Адам өткен кезде арнайы дайындалған залалсыздандыру сұйықтығын бүрку арқылы автоматты түрде 8 секунд шашып, барлық қатерлі микробты өлтіреді.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg