Аудан әкімі Н.Байғұт аудан орталығы Майлыкент ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Аудан әкімі Н.Байғұт аудан орталығы Майлыкент ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

96678923 1318006318589657 8749037991873216512 o Соның бірі, М.Ломоносов мектебінің күрделі жөндеу жұмысы. Көп жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет ететін білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен іске асуда.

Білім мекемесін аралаған аудан басшысы ғимараттың сырқы келбетін жаңбыр мен желге төзімді сайдник материалымен қаптау қажеттігін ескеріп, аудандық білім бөлімінің басшысына сырқы құрылыс жұмыстары басталмай тұрып қайта есептеу жүргізуді тапсырды.
Мектептің күрделі жөндеу жұмыстары барысында ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңадан орнатылып, кәріз жүйесі мен желдеткіш жүйесі жаңартылмақ.

Айта кетерлігі, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында аталмыш ғимараттың құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылардың 50 пайызын жергілікті тұрғындар құрап отыр. Бұл дегеніміз аудан тұрғындарына қосымша жұмыс көздері ашылды.
Содан соң, аудан басшысы Қараағашты ауылынан бой көтеріп жатқан «Etno Park Resort» этно ауыл жобасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоба, 4 қабатты қонақ үй (32 төсек орын, 12 бөлме) және 5 киіз үй жылы еденімен қамтылған, бассейн, сақ моншасы, шатыр(беседка), туристерге қызмет көрсету көлігі жағдайларымен қамтамасыз етілген. Туристерді қабылдау, гид аудармашы, конференц зал, облыстық және ауданның туристік маршрутына енген нысандарға экскурсиялық саяхат қызметтері жоспарланған. Жаңадан 15 адамға жұмыс орны қаралған. Жоспар бойынша күніне 30 туристке дейін, жылына 1000 туристке қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Жобаның іске асу мерзімі 2020 жыл. Алайда, бүгінгі таңда қаржы жетіспеуіне байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр.

Кәсіпкермен сұқбаттасқан аудан басшысы алдағы уақытты мемлекет тарапынан женілдетілген несие алуға көмеке беретіндігін айтып, қолдау көрсететіндігін жеткізді.
Аудан орталығындағы құрылыс, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралаған аудан басшысы дербес бөлім басшыларына және округ әкіміне жұмысты жетілдіру мақсатында біршама тапсырмалар жүктеп, мерзімінде іске асыруды тапсырды.

Сондай-ақ, аудан орталығын аралау барысында Нұрлан Мархабатұлы округ тұрғындармен кездесіп, талап тілектерін тыңдады. Әр тұрғынның өтініші назардан тыс қалмай, хаттамаға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінің жеткізді.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg